Ақмола облысы – Зеренді ауданы: Жарыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу мен тәрбие

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», – деген болатын.  Сонымен қатар біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуына білек түріп белсене кірісетін кезең. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойып отыр. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті.

Жиырма бірінші ғасыр – ақыл-ой, білім-ғылым, инновация мен креативтілік негізінде үнемі өзгеріп отыратын орта қалыптастырылды.  Сапалы білім ғана өркендеген мемлекеттің  қуатты экономикалық және байқуатты қоғамының кепілі бола алады. Білім беру жүйесінің деңгейі тек жоғары оқу орындарының көрсеткіші арқылы ғана көтеріліп қана қоймай мектептің деңгейлерімен де жоғарылап отырады. Жаңа әртүрлі сыныптардың ашылуы, яғни, зертханалар мен роботехникалық кабинеттердің жұмыс жасауы оқушылардың жан жақты дамуы мен ойлауының жаңа жаңалықтарға дейінгі жолына шам жақпақ.

Алған білімдерін шыңдау мен практика жүзінде іске асыру мақсатында әртүрлі жарыстар мен сайыстарға қатысады. Бұл оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Көзбен көріп оймен түйгеннен кейін логикалық ойлау құрылымы мен оларды ойша құрай алып, іске асыра алуы дамыған оқушыдан ертең жаңа жаңалықтарды ашу иелері шығуына үміт көп екендігі белгілі. Сонымен бірге үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі білім беру. Бала даярлық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделе отырып, төселу кезеңін бастан кешіреді.

Бұл жолдағы қиындықтар барлық бейімделу сатыларындағы қиындықтармен пара-пар. Яғни, баланың құрбыларымен, мұғалімімен, мектебімен, сыныбымен қарым-қатысы, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана-сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Ол баланың дені сау, дамыған жеке басының қалыптасуын қамтамасыз етеді, оқуға деген құштарлығын оятады, жүйелі оқытуға дайындайды.

Биылғы оқу жылында  ауданымызда  бір жастан мен алты жас аралығындағы 1829 бала  елу мектепке дейінгі ұйымда (6 балабақша, 44 шағын орталық) мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып отыр. Барлық балабақшалар мен шағын орталықтардың жобалық сыйымдылығы 1665 орынды құрайды. Бір жастан алты жасқа дейінгі мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 93 пайызды құраса, үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту толық жүз пайызға жетті.

Қазіргі уақытта жергілікті өңірде 61 жалпы білім беретін мектеп, Гранитный кентіндегі түзеу мекемесіндегі жалпы білім беретін кешкі мектеп бар. Оның ішінде – толық жинақталғаны тоғыз, шағын жинақталғаны елу екі. Жобалық қуатылығы 70 орындық бір мектеп-интернатты 53 шәкірт оқиды. Әдістемелік кабинеттің бекітілген жылдық жоспарына сәйкес бірлестіктерінің отырыстары дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары,  коучингтер,  тренинг элементтері және тағы да басқа формалар бойынша ұтымыды ұйымдастырылып келеді.

Сонымен бірге, ауданның білім беру ұйымдарымен өзара тәжірибе алмасу іс-тәжірибелері жүргізілуде, бекітілген кестеге сәйкес мектептерге бару, әріптестерге әдістемелік көмек көрсетумен, «Ашық есік күндері» жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл жұмыс аясында әріптестер сабақтарға, сыныптан тыс іс – шараларға қатысады, тәжірибе алмасады. Біліктіліктерін арттыруына септігін тигізеді. Педагогикалық ықпалдың үш түрі бар: өнеге болу, сендіру, үйрету. Осыған орай, ұстаздың да үш негізгі қызметі анықталады: тәрбиеші, ұйымдастырушы және білім беруші.

Мектепте ұстаздар осы үш қызметті қатар алып жүруге ұмтылуда. Оқыту үрдісі мұғалім – оқушы – оқулық үштігінен құралса, білім беру жүйесі де өзара байланысқан үш бағыттан: мақсат-мазмұн (бағдарлама), әдіс-құрал (технология) және ұйымдастыру формасынан (қарым-қатынас) тұрады. Аудан әдіскерлері жұмысының тиімділігін әртүрлі деңгейдегі ұйымдастырылған олимпиадалардағы және ғылыми практикалық конференциялардағы жүлделі орындар санымен бағалауға болады.

Бағдарлама мен технология өзгеріп отыратын болса, қай кезде де тұрақты түрде, өзгеріссіз қалуға тиістісі – ұстаз бен шәкірт арасындағы ізгілік пен жариялылыққа негізделген, даралау мен саралауды жүзеге асыратын, өнімділік пен нәтижелілікке жеткізетін қарым – қатынас. Осы қарым-қатынас деңгейіне қарап, мұғалім шеберлігі мен шәкірт білімділігін айқындауға болады. Өткен кезең бойынша олимпиадаларда және спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерін санамаласақ: халықаралық деңгейде – алты; республикалық деңгейде – 43; облыстық – отыз алты; аудан – 295.  Мектептерде 214 үйірме, 133 спорт үйірмесі жұмыс істейді,

Бұл үйірмелерде 4799 оқушы қамтылып, көрсетілген жоспардағы сексен жеті пайыздың 90 пайызын құрап отыр. Салауатты Қазақстан бағдарламасы аясында мектептерде 2689 оқушы спорт секцияларымен, 2110 оқушы әр түрлі бағыттағы  үйірмелермен қамтылған. Қосымша білім беру ұйымдарында білім алушылардың саны 2261. (Өткен оқу жылында – 2165): «Балалар шығармашылық үйі” КММ филиалдарымен қосқанда: жиырма жеті үйірмеге 667 бала қатысады (2021-2022 оқу жылында 25 үйірмеге 587 бала барған); «Жігер» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде сегіз бағыт бойынша 666 бала спорт секцияларына барады (2021-2022 оқу жылында 649 бала).

Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде – 769 бала (2021-2022 оқу жылында – 768); Балалар музыка мектебінде– 159 (2021-2022 оқу жылында – 161). Қазіргі таңдағы басты мақсат ішкі рухани дүниесі бай, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Елімізде «Жаңа Қазақстан, жаса Қазақстан!» республикалық Отаншылдық сайысында жас дарындар арасында әртүрлі жас санаттары бойынша өнерпаз оқушылар, музыка мектебінің оқушылары келесі жүлделерді жеңіп алды.

Гран-при иегері Орынтаева Айдана, Көкше Нұрай – бірінші орын, Өркенбай Ақсұңқар – 2 орын, Серікбай Ақнұр – бірінші орын, Байғазин Айлин – 1 орын, Жакупова Аделина – бірінші орын, Мұхамедғали Ажар – 1 орын, Тұрар Ақзия – бірінші орын, сол байқауда Бас жүлде «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамбліне бұйырды. Сонымен бірге «Бір аспанның астында» екінші республикалық «Жан Dostar» байқауында 1-орынды Теміржанова Лейла мен Махсатқызы Айару, екінші орынды Сәбетхан Қажымұқан, 3-орын Алина Кровяковаға бұйырды.

Жас күйшілер арасындағы ІІІ республикалық байқауда Ақадыр ауылындағы балалар музыка мектебі филиалының оқушысы – Тұрсанхан Арсен 3-орынды иеленді. Мектептерде патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жас ұлан», «Жас қыран», «Адал ұрпақ» балалар қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді. Оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса,  оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті екені байқалып отыр.

Қазіргі таңда мектептерде  «Жас ұлан» ұйымына 2720 оқушы, өткен оқу жылында аудан мектептерінен 2423 оқушы, «Жас қыран» ұйымына 1880 оқушы, өткен оқу жылында 2011 оқушы мүшелікке кірді. «Адал ұрпақ» мектеп үйірмелерінде 3454 үйірме мүшесі тіркелген. Жыл сайын балаларымыз клубтың аудандық, облыстық жиындарына белсене қатысады. Ауданда жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жоба – мектеп оқушыларының «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс қозғалысы жүзеге асырылуда.

Пікірсайыс клубтарына 574 оқушы қатысады. Өңірде пікірсайыс қозғалысын дамыту үшін жылына үш рет 2 тілде үш кезеңде пікірсайыс турнирі: мектеп, аудандық және облыстық кезеңдерде өткізіледі. Пікірсайысшылар саны жыл сайын артып келеді, Биыл жиырма бес команда қабылданса,  былтыр 19 команда, алдыңғы жылы 16 команда, 2020 жылы он төрт команда, 2019 жылы 8 команда болған.

Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында «Балалар және театр» танымдық жобасы жүзеге асырылуда. Аудан мектептерінде 93 бала театр үйірмелері жұмыстарын жалғастыруда, 2022 жылы алпыс бір баланы құраған. М. Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тарих толқынында» атты театрландырылған қойылым өтті. Ауданымыздағы мектептердің ұстаздарына халқымыздың алтын кітабына енген тарихтың парақтарын парақтауға тура келді.

Ұстаздар шәкірттерімен бірге мемлекетіміздің қалыптасуының барлық негізгі кезеңдерін көрсетті. Іс-шараға 1986 жылы Алматы қаласында болған желтоқсан оқиғаларының тікелей қатысушылары шақырылды: Маралбай Ғибратұлы, Бектұрсын Бексұлтанұлы, Қайрат Анасұлы, Төлеу Әбденұлы, Гүлмира Сайлауқызы, Айшажан Серғазықызы, Төлеген Ғибратұлы. Ұлы дала Қазақ елі тарихында қаншама ерлік істер атқарылды. Бұл ерліктерді туған жеріне, туған халқына деген шексіз сүйіспеншілігінде қазақ халқының теңдігі мен бостандығы жолында құрбан болуға деген табанды ұмтылысын сақтаған адамдар ерлік жасады.

Осы күнге жеткізе білді. ҚР Президенті Қасым – ЖомартТоқаев: «Кітап оқу – рухани кемелдіктің қайнар көзі деп атап өтті. Қазір секунд сайын жаңарып отыратын ақпарат ғасыры. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсауымыз керек» деп, әрбір Қазақстандық оқуы тиіс 30 кітаптың тізімін ұсынды. Қазір бұл бағытта маңызды бағдарламалар әзірленуде. Кітап оқу арқылы ғана адам адамзат жинаған білімнің бәрін түсіне алады. Оқушылардың оқу мәдениетін дамыту, қоғамдағы балалар мен жасөспірімдер кітап оқуының мәртебесі мен рөлін арттыру, оқушылардың оқу құзыреттіліктерін, жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің негіздерін және ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру мақсатында әр мектепте «Оқу мектебі» жобасы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Жоспар бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Ауданда 128 компьютер және ноутбукпен жабдықталған, интернет желісіне қосылған елу кітапхана бар. Биылғы оқу  жылында жергілікті мектептердегі кабинетте жиырма минуттық көркем әдебиет оқуы ұйымдастырылып, кітапханаларда «Оқу сағаты» іс-шаралары өткізіліп, жұмыстар жүргізілуде. Әр отбасында 20 минуттық оқуды ұйымдастыру қолға алынуда.

Аудан оқушылары мәнерлеп оқу сайыстарына белсене қатысады, сондықтан «Өркен ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің оқушылары «Туған жеріңді білесің бе?» атты балалар республикалық онлайн оқу сайысында  ұйымдастырылған шығармашылық онлайн байқауында «Bilim ART» республикалық білім сайты ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай бірінші дәрежелі Дипломдармен марапатталды. «Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектеп», «Исаковка ауылының жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің оқушылары  «Тұлға боламын» кітап оқу байқауында жеңімпаз атанды.

Инклюзивті білім беруде 566 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Қазіргі уақытта ауданда облыстық психологиялық медициналық педагогикалық консультацияның есебінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 638 бала тұр. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен білім алушылардың жалпы санының арақатынасы 11,6 пайызды құрады. Ауданда «Зеренді ауылының № 2 жалпы орта білім беретің мектеп»  және «Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектеп» КММ — екі тірек мектептері сонымен қатар «Арайлы» тірек  балабақшасы жұмыс атқаруда.

«Сапалы білім: Білімді ұлт» 2020 – 2025 жылдарға арналған жобасының «Инклюзивті білім беруді қолдау бойынша ресурстық орталық желісін кеңейту» индикаторын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес инклюзивті білім беруді қолдау бойынша алғашқы ресурстық орталық «Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектеп»  КММ- де ашылды. Аудан мектептерінде 1206 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімді – 1044 мұғалім, арнаулы орта білімді-162.

Пән мұғалімдері 1083 адам, оның ішінде бір ұстаз шебер, мұғалім-зерттеуші – 165, үш жүз қырық алты ұстаз-сарапшы, мұғалім-модератор – 247. Біліктілікті арттыру курстарда соңғы үш жылда аймақтағы «Өрлеу» филиалы, Көкшетау қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы базасында 241 педагогтар біліктілігін арттырды. Бұл педагогикалық қызметкерлердің жалпы санынан 22,1% құрайды. Қашықтан оқу курсын 129 мұғалім, қырық тоғыз психолог «Қабілет» қызметінің негізгі курсын аяқтады.

Жыл сайын ауданның жалпы білім беретін мектептеріне жас мамандар келеді. Соңғы үш жылда 141 жас маман келсе, биыл жиырма бір педагог жұмысқа қабылданды. Қорыта келе: ұстаздық кәсіп пе, ғылым ба, әлде өнер ме? Меніңше, ұстаздық:
Ақын боп өмір кешіру, деймісің оңай, қарағым,
Аузында болу, бұл өзі, сыздаған барлық жараның.
Көкірегіңе құйып ап, әлемнің асқақ бар әнін,
Қосудың арпалысы бұл тоғыспас жолдар торабын, – деп қазақтың айбарлы ақыны Төлеген Айбергенов айтқандай, бұрын болған, келешекте болатынды жасайтын ғылым мен бұрын болмаған, келешекте болмайтын өнерді ұштастыратын ерекше кәсіп.

Динара Шаймерденқызы НҰРОВА,
Зеренді аудандық білім бөлімінің
басшысы, Ақмола облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий