Озық кәсіби педагогикалық тәжірибе алмасу- мұғалім үшін кәсіби қажеттілік

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Педагогикалық тәжірибе- шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Ол сонысымен өте құнды әрі кәсіптік  білім беру ұйымдарының тәжірибесіне жаңалық енгізеді.

Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы үздіксіз білім берудің педагогтердің кәсіби шеберлігін әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу, тиімді тәжірибені тарату және жандандыру және педагогикалық инновацияны меңгеру, тәжірибені жалпылау, әдістемелік әзірлемелерді ұсыну мақсатында білім берудің сапасын арттыру бағытындағы әдістемелік жұмыстарды жандандыра түсуде. Осындай жұмыстардың бірі биылғы 2022-2023 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында құрылған «Жігер» ассоциация мүшелеріне жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тиімді тәжірибені қолдау және тарату. Кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту, білім сапасын арттыру мақсатында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ашық тәжірибе алаңы барысында Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері Қуандықов Шерзат Ғабитұлы «Өндірістік оқыту» пәні бойынша «Жұмыр темірлерді дәнекерлеу технологиясы» тақырыбында  ашық сабағын ұсынды.

Шерзат Ғабитұлы жаңа материалды ашу бөлімінде сызбаларды ұтымды пайдаланды. Сызба арқылы білім алушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Бұл әдіс білім алушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды.

Сабақтың барлық кезеңін әр түрлі машықтық,  қызықты әдіс – тәсілдер, көрнекіліктер арқылы өткізді. Сабақта деңгейлік тапсырмалар берілді. Жаңа тақырыптың түсініксіз және қиын жерлерін ұтымды амалдар арқылы студент ойына түсінікті етіп жеткізуі ұнады. Білім алушылар білімдерін өздері бақылап, бағалап отырды. Бағалау тәсілі арнайы бағалау парақтары арқылы  бағаланды. Оқытушының үй тапсырмасын тексеру барысы да қызықты өтті. 

Сабақты оқу мақсатына сай  тапсырмаларын дайындауы, білім алушыларды дескриптор бойынша  бағалауға дағдыландыруы, әр тапсырманы орындағаннан кейін тиімді кері байланыстың берілуі, оқытушының студенттерге уақытылы дұрыс бағыт-бағдарды беріп отыруы сабақ барысында байқалып тұрды.  Студенттердің өздеріне деген сенімділіктері сезілді. Бұл оқытушы үшін үлкен жетістік деп білемін. 

Жұмыстың жоспарлы, мақсатты, жүйелі ұйымдастырылуының арқасында Шерзат Ғабитұлы жақсы нәтижеге қол жеткізе білді.

Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші. Жаңаша оқыту жүйесі заман талабына жатады. Оқыту үдерісінде өзгеріс енбейінше, нәтиже де болмайтыны белгілі. Сондықтан жаңа жүйені меңгеру біздер үшін де, білім алушыларға да тиімді деп есептеймін. Жаңа білім беру ресурстары қазіргі таңдағы жаңашыл мұғалімнің күнделікті сабақты және сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда таптырмас құралы екенін айта кеткім келеді.

Осындай үлгіні көрсетіп, өз сабағын  жоғары деңгейінде  өткізе білген Шерзат Ғабитұлына алғыс айтамыз! Және  де «Жігер» ассоциация мүшелерінің жұмысын жетілдіріп, оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасап, ашық тәжірибе алаңын ұйымдастырып отырған Алматы облыстық білім беруді дамытудың  оқу әдістемелік орталығына алғыс айтамыз!

Атшабарова  Жәнел Талғатқызы
«Санджар Жандосов атындағы Қаскелең

кәсіптік-техникалық колледжі»МКҚК

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий