Педагогтық пайым: Өзіңді өзгерт, әлемді өзгерт!

Қазіргі уақыт төсекте шалқаңнан түсіп жататын заман емес. Ауызымызды қу шөппен сүрте бергенше, барды бар деп, жоқты  жоқ деп, анық та ашық айтуды үйренетін уақыт келді. Бүгінгі таңда жұмыс істеп жатқан Малайсары орта мектебінің тәрбие және білім беру жүйесі ең алдыңғы қатарлы жүйе болса екен дейсін. Алып-ұшқан көңіл олда тұрған асу бермес қиындықтардың барын көрмей, білмей тәуекелге бел буып жатамыз. Ол, үшін үздіксіз білім беру жүйесі рухани- адамгершілік құндылықтарын ұстану керек.

Ұлы іс білім ордасының бірегей шешімдерін ғана күтеді. Ол әрине, уақытпен санаспай жұмыс істеуді,  талмай ізденуді талап етеді. Мен бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар талдаулар жасалғанын  атап айтар едім, олар сабақты мінсіз әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік әпереді. Ойланып үйрен, өз бетіңше шешім қабылда, проблемаларды шешудің жолдарын ізде, мейірімді бол, денің сау, төзімді, күшті бол.  Кез келген сабақтың мақсатына қол жеткізу үшін сыныпта дұрыс ахуал қалыптастыру керек.

Уақыт пен ресурстарды тиімді пайдаланған жөн. Ұйымдастырған жұмыстарды нәтижені деңгейге жеткізу керек. Біздің қолымыздан келетіні- осы деп, мұғалімдер ізденбей отыра беруге болмайды. Кез келген мұғалімге жұмысты сеніп тапсыруға болатын іскер жандар екендігіне көз жеткізу керек. Ұшқыр уақыт ұрланып өтіп жатады. Әр жылдың өз ерекшелігі, өз орны бар. Жадыда жатталған жақсы жырдай бүкіл ел боп тойланатын мектеп жеңісі ұмытылар  ма? Әрине, жоқ. 

Бәрі білім сапасы үшін, бәрі тәрбие үшін! жұмылдырады. Күтпеген жерден тосын оқиға алдыңнан шығатын, бүгінгі кездескен қиындық кешегіге қалай үш қайнаса сорпасы қосылмай жатса, ертеңгіге және ұқсамайтын. Сондықтан суытылған аттай,  сергек әрі өзіңді-өзін қамшылап, инемен құдық қазатындай түртпектеп жүргенің жетістікке жеткізер. Ондайда ақыл қосар айырылмас әріптестеріме арқа сүйерім. Меніңше, осынау мызғымас бірлік сол бір қиын шақта шыңдалады. Бастау көзі қалай тұнық болса, оның етегіндегі суда сондай мөлдір болатындай жоспар құра білу керек.

Әрине, үлкен іс ірілі-кішілі кемшіліксіз болмай тұрмайды. Қанша дайындық жұмысын жүргізбейік, бәрібір алдына қойған асты қойғанша қақшып отыратын қомағайдай болсын,  бірақ тез тойып қаласын. Сол сияқты сабақ өткізу елге оңай болғанымен көп дайындықты қажет етеді. «Өткеннің арбасы алысқа бармайды», – дейді рас, ескірген, тозған дүние – уақыттың құрбаны. Бірақ ескісіз жаңа болмайды. Оның тәлімінсіз, ащы сабағынсыз ертеңгі күннің ерекше қасиеті танылмайды.

Демек, бүгінгі күн –кешегі күннің шәкірті. Өткенді бағаламай, болашақты қадірлей алмаймыз. Сабаққа жаңа әдіс- тәсілді енгізе отырып, жаңа заман  талабына сай түсіндіру керек. Ал ол үшін оқушыны қызықтыра отырып білім сапаны арттыру, мұғалімнің басты жұмысы. Мен оны көрген сайын бүкіл оқушы  боп, бүкіл мұғалім боп жұмылған ұлы іске азды – көпті өз үлесімді қосқаныма іштей тәубе етемін. Мұғалім бәйгесі, сан-қырлы шығармашылық өмірдің сарапшысы ғана емес, ұлттық келбетіңді, болмыс – бітімінді, бар табиғатыңды танытудың, әдет- ғұрпынды насихаттаудың жолы.

Сондықтан оған айрықша мән беріліп, тыңғылықты әзірлік қажет. Мен осы мектептің басқарушылық қызметіне былтырғы желтоқсан айының сегізі күні келдім. Ұжым мүшелерімен бастаған алғашқы жетістігім «Педагогикалық идеялар фестивал» байқауының облыстық кезеңінде «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша үшінші дәрежелі Диплом марапатталуым болды. Алда тұрған асқарлы міндет маған айқын еді. Бұл, сайып келгенде мұғалім мен оқушы ертеңіне даңғыл жол ашып қана қоймайтын, онымен еншілес мектептерге ортақ мүддесі болғандай өте ауқымды, аса қажетті мәселе.

Сүлде құрып, көзге ұйқы тірелгенде ғана жұмыстан қайтатынбын. Сайып келгенде, ұстаздық ұжымда өмірдің ыстық- суығынан өтпей, ел бастар ер бола алмасы анық, ол дау тудырмайтын ақиқат. Ең басты ұстаз-тәжірбие, ұжыммен, пән аралық- әріптестеріңмен қоян- қолтық араласып, ақылдасып отыру. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, айрықша бір тату күндердің куәсі болудамын.

Дастан Есіркесінұлы ЕШКЕНОВ,
Малайсары орта мектебі директорының
міндетін атқарушы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий