Оқытуды ұйымдастыру: Аз уақыт жұмсап, көп жұмыс атқару

«Тақта және бор» – біздің басты құралымыз, бірақ бұдан да көбіректі қалаймыз. Біздің мамандығымыздың негізі – пәнді білу, шешендік өнер, балаларға деген махаббат, оқушының қалай оқитыны және оның нені уайымдайтынын түсіне және сезе білу. Сонымен бірге оқытушы өз жұмысында үнемі жас болып қалу керек – дәуірмен бірге адымдау, қол жеткізгенге тоқтамай, үнемі ізденісте болу керек.

Ақпараттық процестердің өмірдің әртүрлі саласына екпіндей енуі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде білім беру жүйесінің жаңа моделін жасауды талап етеді. Білім және біліктілік адам үшін басымды құндылықтарға айналды. Білім беру жүйесі дайын білімді меңгеруге ғана бағытталмауы тиіс. Тек кітап және өз бетімен ойлау, рефлексияға қабілеттілікті (ойлау, өзі бақылау, өзін бағалау) қалыптастыру үшін оқытушы жеткіліксіз. Компьютерлік технологияны оқуда қолдану оқу материалдарын жасауда айтарлықтай ықпалын тигізді.

Компьютерлік технологияларды практикада қолдану оқушы белсенділігінің жаңа танымдық түрін жобалайды, оның нәтижесі жаңа білімді ашу, оқушылардың танымдық дербестігін дамыту, өз бетімен білімін толықтыра білуді қалыптастыру, ақпарат ағымында бағыт алу және іздеуде көрінеді. Бұл ең алдымен сабақ КТҚ-ды дұрыс жеткізе білген кезінде мұғалімнің уақытын үнемдейді. Ең бастысы дұрыс себепті белгілеу керек. Оқушылар өз білімдерін жаңа жағдайда қолдануға мүмкіндік алады.

Компьютер шынымен пәнге деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі. Материалды меңгеру процесі жылдам және жеңілірек жүреді. Келесі маңызды факторлардың бірі – жұмыстың жеке түрін ойдағыдай пайдалану. Компьтер әрбір балаға тақырып немесе басқа материалдармен мұғалімнің көмегімен немесе оның көмегінсіз өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Интернет технологиялар білім беру процесінде жаңа ойлар мен білім көздеріне есік ашады. Мақалалар мен перзентацияларды электронды жариялау мүмкін болады.

Интернет оқушыларға, сонымен қатар оқушыларға білім беруді және өз бетімен білім алуды тартымды және  қызықты етеді. Аз уақыт ішінде оқушылар үшін көптеген ақпараттар алынады. АБТ –ды білім беру процесінде қолдану «орынды» болу керек, яғни келесі қағидаларды қамтуы тиіс: қажеттілік қағидасы (қандай да бір параметр бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруға көмек берсе, нақтырақ: материалды меңгеру жылдамдығын арттыру, сөз сөйлеу әрекетін жандандыру, оқу мақсатына тиімдірек тәсілмен жету, оқытушы немес оқушы жұмысын жеңілдету.

Және оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік берсе дербес компьютерді пайдалану); ақпараттандыру қағидасы (оқу процесінің анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету құралы ретінде компьютердің артықшылығын ашады, себебі компьютер пайдаланушыға аз уақыт ішінде көп ақпарат алуға мүмкіндік береді); сенімділік қағидасы (оқу үшін әр компьютерлік бағдарламаны эксперименттік тексеру қажеттілігін, сонымен қатар компьютерді қолдана отырып сабаққа ұйымдастырушылық  дайындық кезеңінің бар болуын көрсетеді).

Сабақтағы уақыт шығын азаяды – материалды тақтаға жазудың қажеті жоқ. АБТ көмегімен тестілік бағдарламалар негізінде оқу дағдысынның қалыптасу деңгейін бақылау және анықтамалық-ақпараттық қолдау көрсету қызықты өтеді. Павлодар облысы әкімдігі

Маржан Сейтказовна ШАБДАНОВА,
№ 6 арнайы мектебінің еңбек оқыту пәнінің
мұғалімі, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий