Отандық білім берудің болашақ топ-менеджерлері Педагогикалық шеберлік орталығы партасына отырды

Отандық білім берудің болашақ топ-менеджерлері табысқа жету жолында жаңа қадам жасады. Барлық облыстардан келген 500-ден астам үздік ұстаз, жалпы білім беретін мектептердің директоры мен олардың орынбасары Педагогикалық шеберлік орталығының парталарына жайғасты. Олардың әрқайсысы үшін кадрлық резервті дайындаудың ауқымды мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіби дамудың  маңызды кезеңі басталды. Олардың барлығы қазақстандық және әлемдік педагогиканың басым бағыттарына, оның ішінде өзгерістерді басқару және білім берудегі көшбасшылыққа арналған «Мектеп басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары» курсында оқуды бастады.

Топ-менеджерлерге арналған кестеде әр мұғалім үшін басты тақырыптар қамтылған: заманауи мектептегі тенденциялар, мұғалімнің үздіксіз дамуы мен кәсіби әл-ауқаты, балаға қолайлы орта құру, білім беру процесінің цифрлық трансформациясы мен мониторингі, инклюзивті тәсілдер мен эмоционалды интеллект, зерттеу мәдениеті.

– Оқыту үш модуль бойынша жоспарланған – базалық, ілгері және кәсіби, әрқайсысы аяқталғаннан кейін аралық және қорытынды бағалаудан өту керек. Соңғы модуль шеңберінде ең күрделі тақырыптар қамтылатыны қисынды, бұл білім беру саласындағы заңнама және мемлекеттік бюджет, әлеуметтік капитал және әлеуметтік әріптестік, жобалық менеджмент, аналитикалық құзыреттер, – деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.

Барлық модульдердегі үлкен блок ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған, бұл Абай мен Шәкәрімнің «Толық адам» және «Ар-ұждан» концептуалды еңбектері, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұрасының қазіргі заманғы білім берудегі маңызы, сондай-ақ жаңа заман ғалымдары – Ермұхан Бекмаханов, Манаша Қозыбаев, Ақселеу Сейдімбековтің еңбектерін қамтиды.

Биология пәнінің мұғалімі, Ақтау қаласының N21 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бексұлтан Майрамов алғашқылардың бірі болып кадрлық резерв тізіміне енді. Бексұлтанды өзінің кәсіби дамуымен жүйелі түрде айналысатын келешегі зор педагогтер қатарына жатқызуға болады. Өткен жылы ол Астанадағы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған жас мұғалімдердің бірінші республикалық форумында әріптестерін шабыттандырды, сондай-ақ Орталықта «Action Research» және «Lesson Study», «Заманауи мектепті басқару» және басқа да өзекті бағыттар бойынша оқудан өтті:

– Менің кәсіби шыңдалуым әу бастан Педагогикалық шеберлік орталығымен байланысты екен, ал елдің кадрлық резервке кіру және білім берудегі көшбасшылыққа үйрену – әрбір жас мұғалім үшін үлкен арман. Және армандар орындалатынына мен өз мысалыммен көз жеткіздім. Кадрлық резервті жасақтау идеясы және табысты мансап құрудың нақты мүмкіндіктері мені және жүздеген замандасыма қанат бітірді.

Еліміздің барлық аймағынан 500-ден астам орта мектеп өкілі болашақ топ-менеджерлердің негізгі тізіміне ену үшін ауқымды оқу мен жүйелі дамуға дайын.

– Жалпы алғанда, ертеңгі күні отандық білім беру үшін жауапкершілік алатын кадрлық резервті оқыту болашақ басшылардың кәсіби, жеке, басқарушылық дағдылары мен құзыреттерін жетілдіруге, сондай-ақ олардың кәсіби дамуының жеке траекториясын құруға бағытталған, – деп атап өтті Жанбота Кабдыкаримова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий