“Қарапайым заттар ғылымы” көрмесі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне жасаған ресми сапары барысында ғалымдар ел экономикасының дамуындағы қазақстандық ғылымның рөлін арттыру жолдарын – осы мәселені шешуге қатысты өз көзқарастары мен бар әзірлемелерімен таныстырды.

Өнеркәсіп қажеттіліктері үшін іргелі зерттеулер жүргізумен және жоғары білікті кәсіби инженерлік кадрларды даярлаумен қатар университет ғалымдары қолданбалы ғылыми жобалармен айналысып, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландырумен белсенді жұмыс жасауда. Осы орайда «Қарапайым заттар ғылымы» атты көрмеде университеттің ғалымдары мен білім алушылар түрлі өнеркәсіп салаларына енгізуге зор мүмкіндіктері бар өнертабыстары мен әзірлемелерін бейіндік ведомстваның жетекшісіне таныстырды.

– Қазір халық біздің ғалымдар қандай әзірлемелермен айналысып жатқандығына қызығушылық білдіреді. Міне, мына көрмеде ұсынылған жетістіктер адамдарға күнделікті керекті заттардың көрінісі, қарапайым заттар ғылымы. Осы ғылыммен айналысып жүрген ғалымдарға жетістіктеріңізді ары қарай коммерцияландыруды ұсынамын, ал осы зерттемелерді қолдап отырған Сәтпаев университетіне алғысымды білдіремін. Отандық ғылымды халқымыздың игілігі үшін дамытуға бар күш-жігерімізді салайық, – деді сала басшысы.

Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанның барлық ғалымдары үшін қолжетімді заманауи ғылыми инфрақұрылымды орталық құру мақсатындағы инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологияларды зерттеу жұмысымен танысты. Жаңа технологиялық орталық құру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы болатын, орталық Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ғалымдарды ең ауқымды ғылыми жобаларды шешу үшін қажетті ресурстармен және құралдармен қамтамасыз етіп, ғылым мен өндірістің өзара тығыз байланыс жасауына мүмкіндік береді.

Ғылым, білім және өндірістің интеграциясы білім берудің, ғылыми зерттеулердің, тәжірибелік-конструкторлық және енгізу жұмыстарының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Осы аталмыш ғылыми-зерттеу хабын құру аясында Сәтбаев Университеті 2026 жылға дейін екі мың екі жүз орындық жаңа жатақхана салып, бұрыннан бар 500 орындық студенттер үйін қайта қалпына келтіреді. Сонымен қатар бес жаңа оқу корпусы, технопарк, асхана және спорт кешені салынатындығы жоспарланған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий