ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ, ТӘРБИЕ, ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ
Суйеуова Набат Базархановна
«Машина жасау және көлік» кафедрасының аға оқытушысы
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қаласы
«Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады» деген қағидаға сай жастарға білім-тәрбие беру, рухани байлығы- мәдениеттілігін жетілдіру, зерттеу-саралау қабілетін ояту, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету- ЖОО-ның міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой- өрісін байыту” деп ерекше аталған.
Тәрбие жастарға ересектердің өз тәжірибесін жеткізуі ғана емес, сонымен қатар оқу және оқудан тыс уақытта «оқытушы – студент» өзара қарым-қатынасы мен біріккен әрекетімен сипатталады. Студенттер тәрбиесінің аса мәнді субьектісін тәрбиелік ортаны құрайтын ЖОО қызметкерлері болғандықтан, онда қарқынды ғылыми-зерттеу шараларын ойластырудың мәні зор. Мұнда әсіресе, профессорлық-оқытушылар құрамының орны ерекше. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа талпынысын оқушылардың баурап кететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» [1,2] деп аталған.
Оқу үрдісінде білім алушы оқытушының объектісі ғана емес, білімді меңгеруде жеке субъект болып саналады.Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу қабілетін қалыптастыру үшін профессорлық-оқытушылар құрамының белсенділігі, шығармашылық ізденісі, білім алушылардың жас және жеке ерекшелігімен қатар, оның қызығушылығын толық білуі қажет. Педагогика ғылымында тәрбиенің мәңгілік категорияға жататындығын толық анықтады. Тұлғаның әрбір іс-әрекетін қолдау мен дамытуға қатысты пікірлер ұлт ғұламалары: әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Х.Дулати, М.Қашқари, А.Яссауи еңбектерінде өз бастауларын алған. Ал, философия ғылымында теориялық, әдістемелік негіздері Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, А.Айталы, Ғ.Есім, М.Орынбеков, Ә.Тұрғынбаев, және шетел философтары И.Кант, Платон, Г.Гегель, Д.Дьюи, И.Фихте А.Спиркин, Б.С.Гершунский, т.б. шығармаларында зерттелген. Қазақстандық әлеуметтанушылар Ж.Алтаев, Н.А.Аитов, А.И.Артемов, Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов және т.б. тұлғаның жалпы іс-әрекетке бейімділігін оның әлеуметтенуімен байланыстыра отырып, зерттеу нысанына айналдырған. Тұлғаның таным іс-әрекетін қалыптастыру мен дамыту мәселесінің психологиялық аспектілерін қазақ психолог-ғалымдар Ж.Аймауытов, Ә.Алдамұратов, С.Қ.Бердібаева, Қ.Б.Жарықбаев, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т.Тәжібаев, Х.Т.Шерьязданова, т.б. толықтырса, шетел психологтары А.В. Петровский, А.В.Брушлинский, А.А.Люблинская, , Л.С. Рубинштейн, , В.В. Давыдов, Н.Ф.Талызина, О.К.Тихомиров, В.К.Шабельников, И.С.Якиманская, т.б. арнайы зерттеу объектісі деп қараған. Білім алушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды педагогикалық тұрғыда А.Байтұрсынов, М.Әбдікәрім, М.Дулатов, К.С. Мусин, М.Ә.Құдайқұлов, Т.С.Сабыров, С.Рахметова, А.Е.Әбілқасымова, С.А.Ұзақбаева, Р.Қ.Дүйсембінова, Т.Ә.Қышқашбаев, Л.Х. Мажитова, Ж.Б.Мырзабаев, Б.А.Тұрғынбаева, т.с.с. еңбектерінде дәлелдеген. Жалпы адами құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді В.Сухомлинский, В.Оконь, В.А.Сластенин, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Ш.А.Амонашвили, Ю.К.Бабанский, Л.И.Божович, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.А.Зимняя, Я.А.Коменский, В.С.Кукушина, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый, А.М. Пышкало, М.Н.Скаткин, Г.И.Щукина және т.б. көп зерттеген.
Мемлекет жеке тұлғаны өз Отанының азаматы мен патриоты болу үшін, жоғары санатты мамандарды дайындау үшін тәрбие бірінші кезекте болуы тиіс. Студенттер арасында патриоттық, азаматтық, тарихи, мәдени, философиялық, экономикалық, құқықтық және саяси білімге қол жеткізу міндеттерін шешу – бәсекелестікке қабілетті кәсіби маман және жеке тұлға қалыптасуының кепілі. Ал жастардың тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерінің оң шешімін табуда оқудан тыс жұмыстардың өзіндік орны бар [2]. Осы жұмыстардың жүйелі ұйымдастырылуы арқылы студенттердің дамуына жағдай жасау және оның тиімді жолдарын іздестіру күрделі проблемалардан саналады. Оқудан тыс жұмыстар – студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдауға, ұйымдастырушылық, басқарушылық дағдыларын жетілдіруге бірден-бір мүмкіндік.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің кредиттік оқу үдерісіне көшуіне байланысты оқудан тыс жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастыру түрлерін қайта өңдеу, жетілдіру, жаңарту қажет. Бірінші – екінші курс студенттерін әлеуметтік ортаға, жоғары оқу орнының талаптарына бейімдеу мақсатында оқудан тыс жұмыстарды олардың мамандықтарына сәйкес жеке академиялық топтармен ұйымдастырған тиімді. Қазіргі таңда мыңнан астам білім алушыларды қамтитын ЖОО кездесетіндіктен жекелеген студенттің қызығушылығын ескеріп, онымен жұмыс жасау қиындық туғызады. Бұл жағдайда маман дайындайтын кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының басшылығы мен белсенділігі маңызды. Мұнда әсіресе, әрбір студенттің жеке оқу жоспарын құруда басшылық жасау арқылы олардың даралықтарын білетін, кафедрамен байланыс жасаушы дәнекер эдвайзер, куратор-тьютордің орны ерекше. Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, өзінің жеке басы үшін тек сыртқы әсерлерді ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу шешімдерін қабылдайды. Ол өзін-өзі тәрбиелеудің субъектісі ретінде қарап, өзінің тұлға ретінде қалыптасуы оның жеке белсенділігіне тікелей байланысты екендігін түсінеді [2].
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның жеке тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды бөлігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудағы тұтас процесстің екі жағы болып саналады. Студенттер оқу және оқудан тыс жұмыстарда мамандық алумен шектелмей, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік психологиялық механизмдері деп білуі керек. Психологиялық зерттеулерде әр адамда өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік әртүрлі жас кезеңдерінде байқалады. Осы қажеттілік әсіресе жасөспірімдік, жастық шақта анығырақ байқалады. Өзін-өзі тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын процесс екенін айта кету қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған [2,3].
Адамның өзін-өзі жетілдіру, өзімен жұмыс істеуінде кітап оқудың маңызы зор. Себебі, кітап оқуды дағдыға айналдыру үлкен зейінділікті, шыдамдылықты, төзімділікті, еңбекқорлықты талап етеді. Ал, өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі – мотивтерді, ынтаны дамыту.
ЖОО-да студенттердің кәсіби және ғылыми шығармашылық қызығушылықтарын арттыру, өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал ететін оқудан тыс жүргізілетін жұмыстар:
– университет, факультет көлемінде әртүрлі тақырыпта студенттік үйірмелер, дөңгелек столдар ұйымдастыру;
– аймақтық, республикалық, халықаралық ғылыми, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, баяндама жасау;
– ғылыми жобалар мен ғылыми жарыстарға қатысу.
Жақсы азамат болуға талпынбай, адамзаттың білім байлығын, мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес. Психология-
педагогикалық көзқарас бойынша, өзін-өзі тәрбиелеудің ең табысты тәсілдері – адамның өзіне-өзі баға беруі, өзін-өзі құптауы, өзіне-өзі бұйыруы, өзін-өзі түзетуі, т.б. табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы 2007ж.
2. Андреев В.И. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой личности. Основы пед. творчества. – Казань: Казанского ун-та, 1988. –236с.
3. Кузьмина Н.В. Акмеологическая теория повышения качества подготовки специалистов образования. – М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2001. – 149 с. 269 УДК 622.276
Загрузка...