«Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары

2022 жылдың 9 маусымында «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ үздік оқытушысы» университетішілік конкурсы аяқталды. Қатысушылардан құжаттарды жинау 2022 жылдың 30 наурызынан бастап жүргізілген болатын.

Конкурстың мақсаты – педагогикалық ұжымның жоғары жетістіктері мен заманауи инновациялық оқыту әдістері мен технологияларын меңгеруін анықтау, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу. Конкурсқа барлығы 18 қатысушы, оның ішінде 5 команда қатысты. Конкурс 5 номинация бойынша өткізілді. «Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибесімен бөлісу» номинациясы бойынша – Жәмила Аққасынова, Гульдина Камалова, Махаббат Ревшенова, Үміт Базарбаева; «Инновациялық педагогикалық өнер» номинациясы бойынша – Алмагүл Айтпаева, Светлана Конева, Жанарка Ибраева; «Ғылыми зерттеулер мен оқытудың интеграциясы» номинациясы бойынша – Забира Мырзатаева, Светлана Белоус; «Цифрлық педагог» номинациясы бойынша – Марфуға Әбсатова; «Оқу үрдісіне ұлттық құндылықтарды интеграциялау» номинациясы бойынша – Құрышұлы Ермахан, Айбек Амангельдин, Дарманбек Наурызбаев, Қасым Сейдуалы жеңімпаз атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий