Үйде оқшаулану кезінде бос уақытыңызды қалай тиімді өткізуге болатындығын білесіз бе?

Ата-аналар мен білім алушыларға педагогикалық, психологиялық кеңес. Бүгінде елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты әрине біздің  белсенді жастарымыз бен қарт кісілермен, осы уақытқа дейін жұмыс істеп жүрген жандарға оңай емес. Десек те осы карантин уақытын дұрыс тиімді етіп пайдаланғанымыз жөн. Себебі осы уақытқа шейін кейбіреулеріміз өз отбасымызға көп көңіл бөлуге уақыт таппай жүргеніміз де баршылық.

Осы орайда ең маңыздысы – барлық отбасы үшін күн тәртібін құру. Бұл арқылы ғана біз қауіпті аурудан сақтана аламыз. Есесіне, бұл демалысты өзімізді жан-жақты дамытуға, сүйікті ісімізбен айналысуға , жаңа идеялармен, көзқарастардың туындауына, жаңа инновациялық технологияларды дамыта отырып, электронды жүйеге тез қалыптасуына септігін тигізіп, керемет мүмкіндік алуға талпыныс жасау керек. Ол үшін әрбір тұлға өз өзіне сенім үялатып, қорқыныш үрейден аулақ болып, тек бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп,  алдағы карантин біткен мерзімінен кейінгі уақытына жоспар құруға дайын болу керек.

Бірақ, көпшілігіміз уақытты қалай тез әрі тиімді өткізу керектігін біле бермейміз. Сол себепті, сіздерге уақытты жақсы жағынан өткізудің бірнеше жолдарын ұсынғым келіп отыр:

Кітап – ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» сондықтан да өзіңіздің қалауыңыздағы кітапты оқыңыз. Кітап оқу жадыны және ойлауды дамытады, талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға көмектеседі. Кітап кемелденуге көмектеседі. Кітап оқыған адамның күні қашанда жарық болатыны сөзсіз. Ол романдар, жанрлар, әңгіме, комедия, тарихи шығармалар, психологиялық, мотивациялық немесе бизнес және тағы да басқа түрлі тақырыптар туралы болуы мүмкін.

Екіншіден мінсіз дене сымбатына жету үшін, әрине спорттың пайдасы зор. Гимнастикамен, бимен айналысыңыз, спортпен шұғылданыңыз. Бұл біздің жан сұлулығы мен тән сұлулығын жақсартады. Ағзадағы белсенділікті жақсартып, деніміздің саулығына септігін тигізеді.

Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі, демек онлайн курстарға жазылып, тіл меңгеріңіз. Қазіргі заманға сай тіл білген ешқашан артық болмайды. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарына, емтихандардың сұрақтарына дайындалыңыз (студенттер, 9-11 сыныптар үшін).

 

«Ас –адамның арқауы» демек әртүрлі тәтті тағамдар пісіріңіз. Осы арқылы аспаздық біліміңізді толықтырып, отбасыңыздағы жақындарыңызды қуантып, қарым-қатынасты жақынарық нығайта аласыз.

Тігін тігіңіз, тоқыма тоқыңыз, қолөнермен айналысып, сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйреніңіз. Бұл сіздің жүйкеңізді жақсартып, жан-жақты дамуыңызға оң әсер тигізеді.

Өз отбасыңызбен бір мезгіл түрлі ойын ұйымдастырыңыздар. (асық ату, тоғыз құмалақ, қала аттары, сканворд, шашкі, шахмат және тағы да басқалар)

Өзіңізге ұнайтын сериалдарды, фильмдерді қараңыз немесе караокемен ән айтыңыз.  Бұл сіздің және барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтеретіндігі даусыз. 

Тазалық – денсаулық кепілі. Үй ішін ретке келтіріп, бөлмені желдетіңіз. Ауаны тазартып, тазалау жұмыстарын жүргізіңіз.

Компьютер, смартфоныңызды артық ақпараттар мен қажетсіз мәліметтерден тазалаңыз. Жақындарыңызбен, туыстаңызды ұмытпай, ұялы телефон арқыл тідесіп, хал-жағдайын сұрап тұрыңыз.

Бәлкім, осы жаттығуларды орындап, жаман ой пікірлерден арыласыз. Алға қойған мақсатыңызға жетуге талпынасыз. Ең басты деніңіз сау, жақындарыңыздың жанында, жақсы көңіл-күйде бола аласыз. Уақытыңызды тиімді өткізе білсеңіз, сіз өз ісіңізге баға бере алсыз. Ең бастысы, вирустың алдын алу мақсатында сақтық шараларын жүргізуді ұмытпаңыз.

Айнұр Доқторбекқызы ЕСБОЛАЕВА,
Жаңатас көпсалалы колледжінің әлеуметтік
педагогы, Жамбыл облысының Жаңатас қаласы

        

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий