Электронды кешенді әдістемелік жинақты пайдаланудың тиімділігі
Электронды әдістемелік жинақ – оқытушының сабақ барысында пайдаланатын күнделікті материалдарын, әдістемелік жинақтарын жалпы оқытушы еңбегін жинақтайтын кешен болып табылады. Электронды әдістемелік жинақпен оқытудың басты мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту» білім берудің кез-келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану, студенттердің танымдық белсенділіктерін арттырумен бірге ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Электронды кешенді әдістемелік жинақты жасауымның басты мақсаты: ұстаздық қызметті атқарып жүрген жыл бойы жасаған жұмыстарымды, әдістемелік жұмыстарымды және дәрістер жинақтарын біріктіріп, жалпы құжаттарымды бір жүйеге келтіру болды. Дипломдық жұмысты орындауға арналған, зертханалық жұмысты орындауға арналған, тәжірибелік жұмысты орындауға арналған алты әдістемелік нұсқаулық және «Магистральды байланыс желісі пәнінен» дәрістер жинағы, «Электрлік материалдар пәнінен» дәрістер жинағы, «Электрлік өлшемдер» пәнінен дәрістер жинағы атты үш әдістемелік құрал колледждегі әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаханадан жарық көрді.
Электронды кешенді әдістемелік жинағыма қысқаша мәлімет бере кететін болсам, 2732 беттен тұрады, жинақ Power Point программасы гиперссылка арқылы жасалады. Әдістемелік жинақты F5 батырмасы арқылы көру өте ыңғайлы және онда берілген үстіңгі стрелкалар арқылы, алғашқы бетке орала аласыз. Және артқа және кейінгі бетке стрелкалар арқылы ауысу мүмкіндігі бар. Алғашқы 3 беті, бұл яғни оқытушының еңбегінің айнасы болып табылатын, портфолиеден, оқытушының шығармашылық жұмысынан, және студенттің шығармашылығы деген ұяшықтардан тұрады.
Портфолье ұяшығында оқытушының өмір баянынан бастап, барлық оқытушыға қатысты ақпараттар, оқытушының қызмет бабындағы жеткен жетістіктері, біліктілігін арттыру курстары, яғни оқытушы туралы ақпараттар кеңінен қамтылған. Оқытушының шығармашылығы атты ұяшықта оқытушының қызмет еткен еңбек өтілі кезіндегі жасаған барлық жұмыстары, әдістемелік нұсқаулары, электронды оқулықтары, үлестірмелі қағаздары, тәрбие жұмысының жұмыстары толығымен қамтылған. Студенттің шығармашылығы атты ұяшықта оқытушының студенттермен бірлесе отырып жасаған жұмыстары кеңінен көрсетілген. Атап айтатын болсақ, студенттердің ғылыми ізденістері мен семинар, конференциялар және тағы да басқа жұмыстарымен қамтылған.
Тәжірибе жұмыстары атты ұяшықта студенттердің оқу тәжірибесіне, өндірістік технологиялық тәжірибесіне, диплом алды тәжірибесіне қатысты, өндіріс мекемелерімен бірлесе отырып дайындаған, әдістемелік нұсқаулықтарымен толығымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар өндірістік тәжірибе есептерінің толтыру үлгілері, студенттер тәжірибеден өткен кездегі фото және тәжірибелік есептеріменде қамтылған.
Электронды кешенді әдістемелік жинақтың келесі бөлімінде, өзім дәріс беретін арнайы пәндерден, атап айтатын болсам, «Магистральды байланыс желісі» пәні, «Темір жолды электрмен қамтамасыз ету» пәні және «Электрлік тартым стансасы»пәндерінен типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, жұмыс оқу бағдарламасы, дәрістер жинағы, зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық, курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық, тәжірибелік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық, емтихан билеттері, тәуелсіз бағалау сапасына дайындық сұрақтарымен қатар, оқытушыға қажетті барлық материалдармен және үлестірмелі қағаздармен толығымен қамтамасыз етілген.
Электронды әдістемелік жинақты сабақ барысында пайдаланудың оқытушы үшін тиімділігі: барлық дидактикалық материалдың жинақтылығы; құжаттардың бір жүйеге реттелуі; оқытушының уақытын үнемдеуге; оқу материалдары туралы студенттерге дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады; шығармашылық жұмысының артуына; бәсекеге қабілетті мамандар даярлауына; оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді; оқытушы мен студент еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады. Электронды әдістемелік жинақты сабақ барысында пайдаланудың студенттер үшін тиімділігі: тақырыпты терең түсінуге; өз мамандықтарына деген қызығушылығы артады; фотоларды көру арқылы есте сақтау қабілеті артады; қондырғыларды көзбен көріп, атауларын жаттау қабілеті артады; шығармашылық қабілеттері артады; өз бетінше шығармашылықпен ізденуі; ойының ұшқырлығы артады; студент пен оқытушы арасындағы байланысты нығайтады.
Қазіргі заманды ақпараттық технологияларсыз өмірді елестету мүмкін емес. Әрбір сабағымды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өткізу мен үшін де білімгерлер үшін де қызықты болмақ. Сөзімді қорытындылай кететін болсам, біз ұстаздар қазіргі заман талабына сай оқытушылар болуымыз керек, біздің басқа замандағы ұстаздардан ерекшелігіміз көп. Біз: білімгерлерге қазіргі заман талабына сай білім беруіміз қажет; қазіргі заман талабына сай білімгерлерді ғылыми жобамен жұмыс жасауға үйретуіміз керек; қазіргі заман көшіне сай,білімгерлерді сауатты өз мамандығын жетік меңгерген мамандарға айналдыруымыз керек; қазіргі заман ұстаздары шығармашылық жұмыстармен айналысуымыз керек; қазіргі заман талабына сай өз мамандығымызды шексіз сүюіміз керек және шәкіртердің бойына білім нәрімен сусындатуымыз керек.
Гүлнұр Есетқызы НҰРЖАНОВА,
Алматы теміржол көлігі колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы
Загрузка...