Lesson study: Оқытудың визуалды әдістерін қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілдік дағдыларын дамыту

Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; сапалы білім берумен қатар  жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірге араласа алатын, ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру білім беру жүйесінде басты мәселе.  Заман талабына сай оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақта дұрыс қолдану арқылы сабақта жетістікке жететініміз сөзсіз.

Оқушыларды математикаға оқытудың мектеп тәжірибесін талдау мұғалімнің негізгі назары логикалық ойлауға, яғни мидың сол жақ жарты шарының жұмысына бағытталатынын көрсетеді. Психологтардың зерттеулері бойынша ақпараттың 80 % – на дейін адам көру арнасы арқылы алады. Математикаға келер болсақ, мұнда ұлы К. Гаусстың “Математика –құлаққа үшін емес ғылым, көз үшін де” деген сөздерін келтіру орынды. Сол сияқты химия пәні үшін де визуалды оқыту әдісі тиімді.

Сабақта визуалды әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілдік дағдысын дамытуға болады. Пән бойынша оқушылардың сөйлеу дағдыларын, өз ойын ашық жеткізе білу, академиялық тілік дағдыларын дамыту мақсатына бағытталған белгілі-бір әдіс-тәсілдерді ерекшелеп, үнемі сабақта қолдану, аталған мақсатқа жеткізеді.

Визуалды құралдарға: карталар, диаграммалар, схемалар, жол белгілері, үлгілер, Көрнекі құралдар, математикалық символдар; жасанды және табиғи ортадағы табиғи объектілер мен заттар (коллекциялар мен гербарийлер); диапозитивтер, диафильмдер, бейнефильмдер, кинофильмдер жатады.

Бұл құралдар объектіні кішірейтілген немесе үлкейтілген түрде, кесіндіде және т.б. (модельдер) ұсынуға, себеп-салдарлық, функционалдық және басқа да тәуелділікті (Графиктер мен схемалар) көрсетуге, шартты визуалды белгілер (карталар) арқылы шындықты көрсетуге мүмкіндік береді.

А. Л. Сиротюк былай дейді: “әлі күнге дейін көптеген мамандар баланың ой қызметін қалыптастырудағы мидың сол жарты шар мен логикалық ойлаудың рөлін асыра бағалайды. Ал қазіргі мектепте түйсік, ритм, бейнелер жасау және т.б. сияқты оң жақ жарты шар өнімдері өкінішке орай бағаланбайды. Мектеп әдістемелері негізінен баланың ақыл-ой мүмкіндіктерінің екінші жартысын елемей, сол жартысын дамытады. Алайда, оң жақ жарты шар баланың шығармашылық ойлауының дамуымен байланысты екені белгілі” [10, Б.223].

Көрнекі құралдарды пайдалану кезінде белгілі бір шарттарды сақтайды:

  • Қолданылатын көрнекілік білім алушының жасына сәйкес келуі тиіс;
  • Көрнекі құралдарды өлшемде және сабақтың тиісті кезеңінде пайдалану қажет;
  • Көрнекілік көрсету кезінде негізгі және маңызды иллюстрацияларды нақты бөлу;
  • Оқытудың көрнекі құралы оқу материалының мазмұнымен дәл келісілуі тиіс;
  • Оқыту құралы эстетикалық ресімделуі тиіс;
  • Көрнекілік кез келген оқу орнынан жақсы көрінуі тиіс; көрнекі құралдарды пайдалану кезінде;
  • Білім алушыларды демонстрациялық құрылғыда және көрнекі құралда қажетті ақпаратты табуға белсенді тарту.

Қорытындылай келгенде, казіргі уақытта оқытудың визуалды әдістері оқу үрдісінде кеңінен қолданылады. Олар оқытудағы көрнекі дидактикалық принцип бойынша ерекше орын алуына байланысты дамыған және жетілдірілген. Оқытудың визуалды әдістері әдіс функциясын орындайды, егер оқушылар сезімдер органдарының көмегімен заттарды, объектілерді немесе процестерді қарау, бақылау және қабылдау процесінде олар туралы белгілі бір ақпаратты алса, салыстыру және жалпы және ерекше белгілерді табу жолымен ұғынса және осы негізде белгілі бір білім қалыптасады, содан кейін оқушылардың одан әрі ойлау арқылы өңдеу кезінде меңгерген сөз (әңгіме), көрсету және академиялық тілде түсіндіру, талқылау арқылы жүзеге асады.

Талдықорған қалаcындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Cандыбаева А.Т.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий