Қашықтан оқытуда тапсырмаларды құрастыру жолдары

Альмагамбетов Каиржан Сагинтаевич

Қазіргі уақытта қашықтан оқыту жағдайында мұғалімдер тарапынан көптеген сұрақтар туындап жатқаны бәрімізге аян. Осы кездесіп жатқан қиындықтарды жою мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері тақырыпқа сай вебинарлар мен коучингтер ұйымдастыруда. Осы мақаланың да негізгі өзектілігі қашықтан оқыту кезінде сабақты жоспарлауда тапсырмаларды құрастыру жолдары туралы болмақ. Жалпы, сабақтың тиімді жоспарын құру қажетті уақытты, білім алушылардың қабілеттері мен мақсатты түсінуді талап етеді. Мақсат барлық оқуда – оқушылардың есте білімі сақталып қалуында қашықтықта отырып нені, қалай үйретесіз,  өздіктерінен білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ – мақсат қою мен мақсатты жүзеге асыру үдерістерін орындау барысы екені мәлім. Ал, мақсат – адам болашақта белгілі бір іс-әрекет негізінде қол жеткізетін алдынала жоспарланған нәтиже. Ендеше, қашықтан оқытуда сабақты мұғалімдер қалай іске асыруда деген сұрақтар туындайды. Бұл жерде айта кететін ойымыз, қатып қалған платформа жоқ. Мұғалім оқу үдерісінде өзіне де, оқушы мен ата-анаға ыңғайлы желіні таңдайды. Атап кететін болсақ, тапсырманы мұғалім алады  (интернет жоқ болған жағдайда),

бейнеконференциялар, аудиоконференциялар, бейнедәрістер, ортақ чаттар,

радио телекоммуникациялар ұйымдастыруға болады. Электрондық пошта, Google Диск, Google Класс, WhatsApp, Facebook,VK, Daryn.online, Bilimland.kz т.б платформаларды қолданады. Екі апта қашықтан оқыту қорытындысы бойынша мұғалімдерден кері байланыс барысында көпшілігі өздеріне ыңғайлы WhatsApp (85-90%), желісін таңдаған. Осы WhatsApp арқылы тапсырмалар береді, кері байланыстар алады. Қашықтан оқытуда тапсырма жоспарлауда мұғалім нені  ескерілу керек.

  • Тақырыбы..
  • Күрделі, жоғары деңгейдегі оқу мақсаттарының маңыздылығын сұрыптау;
  • Төменгі ойлау деңгейдегі оқу мақсаттарында қарастыруға болады, бірақ оған аса көп көңіл аудармай, уақытынды тиімді басқару мақсатында оқушыға өздігінен ізденуіне, үй тапсырмасы ретінде, кіріктіріп жіберуге де болады.
  • Оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін құрастыру;
  • Критерийлерге сай тапсырмалар, дескрипторлар құрастыру;
  • Қосымша ресурстарды дұрыс таңдауда сілтеме беру; (Abai.kz, Kitap.kz, Математэтюд, және т.б.);
  • Функционалдық оқу сауаттылығы дамытуда Pisa тапсырмаларын қолдануға болады;
  • Тапсырманы құрастыруда қосымша ресурстарды қолдану(сурет, видео, мәтін және т.б.);
  • Ортақ тақырыптар аясында кіріктірілген тапсырмаларды жоспарлауға болады.

Қашықтан оқытуда тапсырмаға қойылатын талаптарды да ескере кетсек:

  • Оқушылардың қажеттіліктеріне орай тапсырманың деңгейлік сипаты;
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырманы ескеру;
  • Оқу материалының жеткілікті көлемін қамтылуы;
  • Тапсырмаға нақты мақсат қойылады, ал нәтижесінде ол орындалады;
  • Шығармашылық сипатта болуы;
  • Оқушыға түсінікті және қызықты болуы тиіс;
  • Өздігінен ізденуге бағытталған.

Қашықтан оқытуда тапсырмаларды қалай жоспарлауға болады. Бір –екі мысал келтіре кетсек: айталық 4 сыныптың дүниетану пәні «Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімшесі бойынша төмендегі оқу мақсатын алайық.

Оқу мақсаты 4.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау

Бағалау критерийі  Жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды және оны болдырмау жолдарын ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма: а) Суреттерге мұқият қара. Мұндай ортада балалар қандай қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін? Мысал келтір.

 

Жұптық жұмыс: Жарақаттанып қалудың алдын алу жолдарын ұсынып, балаларға арналған қауіпсіздік ережесін құрастырыңдар.

Дескриптор:

жасанды ортадағы туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды;

-жасанды ортадағы қауіп-қатердің алдын алу ережелерін құрастырады.

Берілген тапсырманы мұғалім өзі таңдап отырған платформа арқылы жұптық жұмыста іске асыруға болады. Егерде жұптық жұмысты іске асыратын мүмкіндік болмаса, онда барлық оқушыға бірдей сол оқу мақсатын басшылыққа ала отырып, өмендегідей тапсырма үлестіруге болады.

Оқу мақсаты 4.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау (4 тоқсан)

Тапсырма: Бейнефильмді мұқият тыңдай отырып көр,  сосын төмендегі сұрақтарға жауап бер:

https://www.youtube.com/watch?v=ysP73UyE-z0 

  1. Зымырандар ұшқан кезде қандай қауіптер болады?
  2. Қоршаған орта мен адам денсаулығына қалай әсер етеді?

Осы жерде оқу мақсатына сай сілтемені бересізде оқушы нақты берілген тапсырманы өздігінен орындайды.

Қазақ тілінен тапсырмалар үлгісін ұсынайық:

1-үлгі.

Оқу мақсаты: 4.2.4.1Мәтіннің тақырыбы      мен мазмұнының өзара

Сәйкестігін анықтау  және ондағы негізгі         ойды тұжырымдау.

Бағалау критерийі: Мәтін тақырыбы мен мазмұны арасындағы сәйкестікті анықтайды. Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды 

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма

Өлеңнің тақырыбына сүйеніп, мазмұнын айт.

Дескриптор

өлеңнің негізгі ойын анықтайды;

-тақырыптың негізінде өлеңнің мазмұнын баяндайды.    

2-үлгі.

 Оқу мақсаты: 4.4.2.9.-етістікті тиісті шақта(өткен шақ,келер шақ, осы шақ) қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі:Қолдану

1.Тапсырма: https://u-s.kz/publ/4057-etstk-shatary.html Ережені оқыңыз

2.Тапсырма: берілген  етістіктерді тиісті шақта жазыңыз

Дескриптор

-етістіктерді өткен шақта жазады

-етістіктерді келер шақта жазады

-етістіктерді осы шақта жазады

Берілген тапсырмаларға нақты мақсат қойылған, шығармашылыққа, оқушының өздігінен ізденуіне, оқу мақсатына жетуге бағытталған.

Сонымен, сабақ мақсаттарын бағалау критерийлеріне айналдыру                              
Барлық оқушылар:

Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды аңықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу.

Бағалау критерийлері:

– мәтіннің негізгі ойын аңықтап, тақырып қояды

-автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийлерін тапсырмаларға айналдырудың жолдарын қарастырсақ:

1.Тапсырма:

-Мәтінді түсініп оқы.

-Негізгі ойын аңықтап, тақырып қой. 

-Автордың айтайын деген негізгі ойына мәтіннен дәлелдер келтір.

2.Тапсырма:

-Мәтінді мұқият оқы, мәтіннің негізгі ойын аңықтап, тақырып қой.

 -Автордың ойын дәлелдер арқылы келтіріп, өмірмен байланыстыр

осы жерде оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында саралау тапсырмасын көруге болады, яғни ойлаудың жоғары деңгейі өмірмен байланыстыра отырып, идеяларын ортаға салу.

Тапсырма шарттарын дескрипторларға айналдыру жолдары:

-Мәтінді мұқият оқиды.

-Мәтіндегі негізгі ойды аңықтайды.

-Автордың ойын дәлелдер арқылы 2 мин ішінде өз сөзімен айтып береді.

Қорыта келгенде, қашықтан оқытуда сабақты жоспарлау оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды оқу мақсатына сай нақты, жүйелі, қолжетімді етіп құрастыру, оқушыға да, ата-анаға да орындауға жеңіл тиіп, мұғалімге кері байланыс орнатуға да тиімді болары сөзсіз.

Мұғалімдер сабақты жоспарлауға шығармашылықпен қарап, уақытша болып жатқан өмір талабына сай оқушылардың бойында кең ауқымды  дағдыларды қалыптастыруға  бағытталған оқу ортасын құруға  басты назар аударуы қажет.

 

Альмагамбетов Каиржан Сагинтаевич
Павлодар қаласындағы ПШО филиалы
Әдістемелік орталықтың менеджер-әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий