Білім сынағы алдындағы үрей мен қорқынышты қалай жеңуге болады?

Білімгерлер тестілеу сынағы мен емтихан және дипломдық жұмысты қорғау алдында біраз қобалжулары мүмкін. “Қорқыныш әрбір адамға тән – сезім”, – дейді психолог мамандар. Назарларыңызға емтиханды жақсы тапсыруларына көмегі болар деген ниетпен пайдалы кеңестерді ұсынамыз.

Дайындықты ертерек бастаңыз. Жеке кесте жасауға әдеттеніңіз. Кестені толтыру тәртібін ескеріңіз. Кестеге пәндерді араластырып қоюға болады. Бүгінгі мақсат ертеңгі нәтиже. Үзіліс уақытын таңдаңыз. Ұйқының қануы саулықтың кепілі. Жазба жүргізу. Маркерлерді пайдалану. Студенттер маңызды сәттерді атап өту үшін жиі материалдың астын сызуда маркер пайдаланады. Кілт сөздерді пайдалану, сондай-ақ қайта қаралатын тақырыптың маңыздылығын есте сақтау үшін пайдалы. Тақырыптар мен тақырыпшалар құпиясы. Тақырыптарды тақырыпшамен белгі қоя отырып бөлу пайдалы. Бұл тармақты бөліп көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар студентке оның астында қандай негізгі пәндер болғанын еске алуға көмектеседі.

Сызбалар блогын пайдалану. Студенттер сызбалар арқылы әр түрлі кезеңдерді есте сақтай алады. Суреттер немесе сызбалар түріндегі барлық нәрселерді есте сақтау жеңіл болады. Өз жазбаларыңызды ұйымдастыру. Сіз өз пәндерімен дайындықты бастағаннан кейін, әрбір пән үшін жеке файлдарды ашуға тырысыңыз. Барлық жазбалар үшін бөлінген белгі қою оларды қайта қарау кезінде пайдалы болады. Міндетті түрде шатастырмау үшін тараудың атауын жоғарыда, ал әрбір беттің төменгі жағында беттерін белгілеңіз. Барлық бақылау жұмыстарын, рефераттарды, пәнмен байланысты тапсырмаларды бір папкада орналастырыңыз. Оларды оқу барысында қайта қарау үшін оңай болады.

Қай уақытта сабақ оқу маған ыңғайлы? Әрбір адам өз ерекшелігін білуі керек. Көмекке жүгіну. Сіз кез келген пән бойынша көмек қажет екенін түсінгенде немесе сіз стрессті сезінгенде, ата-анаңыздан, достарыңыздан немесе мұғалімдерден көмек сұраңыз. Сезіміңізді бөлісіңіз. Кейбір жағдайда қаншалықты жақсы дайындалғанмен, өз-өзіңе сенімсіз болып, стресс жағдайда боласың. Осы сәтте міндетті түрде ата-анаңмен, кураторыңмен сезіміңді бөлісуге тырыс. Достарыңызбен өзіңізді салыстырмаңыз. Өз қорқынышыңызды айта білуге үйреніңіз. Ата-ана мен бала арасында емтиханға дайындығы туралы әңгіме қозғалу міндетті.

Позитивті визуализациялаңыз. Сіз емтиханға дайындық барысында үнемі жақсы тапсырып шыққаныңыз туралы елестетіңіз. «Тапсыра алмай қалыппын» деген ойды мидан алып тастаңыз. Себебі бұл негативті ой емтиханға дайындалуға кедергі жасайды. Сонымен қатар стресс туындатады. Дайындық барысында стресс туындаса, материалды меңгеруге және есте сақтауға теріс әсер етеді. Тайм-аут. Емтиханға дайындалу ұзақ уақытты алады. Сондықтан үзіліс алып дене белсенділігімен айналысу маңызды. Дұрыс тамақтану. Аутотренинг техникасын пайдалану.

Стресстік жағдайларда эмоциялар бірінші орынға шығады, ал тиімді ойлау қабілеті азаяды. Стрессті басқарудың тиімді элементтерінің бірі – миға нақты ойлау тапсырмасын беру. Мысалы, ағылшын тілінде жиырма сөзді, «А» әрпіне басталатын әйелдердің бес есімін еске түсіру, бөлмеде қанша адам шалбар кигенін сондай сияқты ойлау күшін талап ететін тапсырмалар беру. Медитация. Қаншама жасалған жұмыс үрей мен қорқынышты жеңуге сізге нәтиже бермесе, онда медитация жасап көріңіз. Медитацияны таңертеңгі уақытта 10-15 минут жасаңыз. Мысалы: Сіздің фамилияңыз емтиханды жақсы тапсырғандардың тізімінде жүргеніңізді анық көз алдыңызға елестетіңіз. Медитация техникалары және тыныс алу жаттығулары емтихан алдындағы үрей мен қорқынышты жеңуге тиімді әсер етеді.

Бақыт Дастанқызы ЖІГІТБЕКОВА, 
Абай университетінің оқытушысы, психология
ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий