“Google Classroom”: Бұл бағдарламаны меңгеру деңгейіміз қандай?
Әрбір педагог «Google Classroom» платформасында өзінің cыныбына курс (оқу алаңын) ашып, онда оқушылармен баpлық қажетті ақпаратпен, құжаттармен бөлiсе алады, тапсырма бере алады, баға қоя aлады. Бұл жерде барлық фyнкциялар бір-біpімен біріктірілген және оқу қaжеттіліктері үшін бейімделген.
Көктемгі демалыс уақытында қала ұстаздарына арналған «Google Classroom» платформасын пайдалануға қолдау көрсету мақсатында «Google Classroom мүмкіндіктері» атты тегін онлайн курсқа қатыстым. Курста «Бұл платформаны қалай тиімді қолдануға болады? Оқушылар өз жұмыстарын қалай жүктейді? Тапсырмалар мен тест түрлерін қалай құрастыруға болады?» деген сауалдарға жауап, сонымен қатар оқушы жауабын диаграммаға салу, оқушымен кері байланыс орнату шаралары туралы ақпарат та алдым.
Бұл бағдарламаның ерекшелігі мен ұтымды, тиімді тұстары өте көп. Осы платформа арқылы сәйкестендіру тестін, көп жауапты тест, ашық, жабық сұрақтар, суретті тапсырма, қысқа және толық жауапты тапсырмалар құрастырып, оқушылардың жауаптарын жинақтауға, өңдеуге, бағалауға, кері байланыс орнатуға болады. Сондай-ақ «Google Classroom» платформасы күрделі сұрақтарды жазбаша талқылауға, пікір алмасуға таптырмас құрал. Қиындықты бірге еңсеріп, қалыпты өмірге көшетін уақыт та алыс емес. Біз біргеміз!
А.ҚҰМАШБАЕВА,
А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы