Әбу Насыр Əл- Фараби және оның мұралары
Орта ғасырлардағы мұсылмандық Шығыстағы ғалымдардың арасындағы басты тұлғалардың бірі, ұлы ғалым-энциклопедист, философ, астроном, математик және медик – Әбу Насыр әл-Фараби болып табылады. Аты бүкіл әлемге белгілі ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым. Ол 870-950 жылдары Сырдария бойындағы Отырар қаласында туып-өскен.
Шын есімі Мұхаммед Ибн Ұзлағ Тархани. Отырар қаласы сол кездері Фараб деп аталғандықтан, ғұлама ғалым өзінің Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ұзлағ Ибн Тархан есімін туған жеріне байланыстырып, Әл Фараби деп атаған. Яғни, Фарабидің әкесінің есімі Ұзлағ, арғы атасы Тархан болған. Әл Фараби 870 жылы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болған Отырар қаласының маңында дүниеге келген. Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқан, Мерф, Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппа, Шап қалаларында болып, үнемі білімін жетілдіріп тұрды.
Жасөспірім шағында елге келген керуенмен ілесіп, Бағдатқа барады. Әл-Фараби сауатын түркі тілінде ашып, өзін ақын-күйші, әнші ретінде танытқан. Ғұламаның өлеңдерінен үзінділер де сақталған және күйшілігі туралы деректер де кездеседі. Әл -Фараби өмір сүрген заманда бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болғандықтан, халық қарым-қатынас жасау үшін араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Тарихи деректерде Әл- Фараби 70-ке жуық тіл білгенін көрсетеді. Әл-Фарабидің ғылыми қызметі орта ғасырлық араб,мұсылман мәдениетінің гүлдену дәуіріне, яғни біздің дәуіріміздегі оныншы ғасырдағы мұсылман реноссансына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта Әл -Фараби ойларының өзектілігі, маңыздылығы қайтадан арта түсуде. Бабамыздың көзқарасында саясат, дін және бақыттың өзара терең қатынасы көрсетілген. Қазіргі кезде әлем ислам және батыс өркениетінің текетіресу қаупі алдында тұрғанда, ислам мәдениетімен астасатын экстремистік және лаңкестік көңіл- күй үдеп келе жатқан кезде, ұлы философтың мұрасы адамзаттың күллі көзқарасын шешуге көмек бере алады.
Өз заманында дамыған барлық ғылым салалары мен өнер түрлерін жетік меңгеріп, оның дамуына өз үлесін қосады да, кейінгі ұрпаққа мол мәдени асыл мұра қалдырды. Әбу Насыр Әл -Фараби құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту мақсатында мектебімізде «Әбу Насыр Әл -Фараби және оның мұралары» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Оқушылардың ғылыми шығармашылық белсенділігін көтеріп, арттырды. Оқушылардың көркем, ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс дағдыларын дамытып, зерттелген материалды жалпылама сипаттауды үйреніп, талдау дағдыларын қалыптастырып, өзіндік шешімдер мен тұжырымдар жасай білді. Оны ауызша, жазбаша түрде баяндай білуге дағдыланды.
Гүлзахира Абубакировна АУҒАНБАЕВА,
“Бірлесу – еңбек” орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://stan.kz/alemnin-ekinshi-ustazy-abu-nasyr-al-far/
https://egemen.kz/article/23224-alemninh-ekinshi-ustazy
Загрузка...