Халықаралық Бакалавриаттың бағдарламасы аясында биология пәнің оқыту арқылы оқушыларды PISA сынағына даярлау

Құдайберген Ринат Серікұлы

 

Аннотация

Жүргізілген зерттеу жұмысының мақсаты Халықаралық Бакалавриат мектеп бағдарламасы аясында жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқыту үрдісінде,  командалық терминдердің құрымы мен талаптарына басым назар аудара отырып, оқушылардың PISA тестін жоғары деңгейде тапсыруына ықпал ету жолдарын қарастыру. Зерттеу нәтижелерін химия, биология, физика оқытуда қолдануға болады.

 

Қазіргі таңда қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті, яғни жан-жақты дамыған, сын тұрғысынан терең ойлайтын, функционалдық сауаттылығы жоғары, зерттеушілік дағдысы қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор екені айдан анық.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы желтоқсанындағы № 998 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  негізгі мақсаты “Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту” деп белгіленді.[1]

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  бұл жобаның ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC, PIRLS, ISILS секілді 5 халықаралық зерттеудің нәтижелері бізге негізгі проблемаларды анықтауға және олардың шешімдерін табуға мүмкіндік беретінін  атап өтті. [2]

PISA зерттеуі жаратылыстану сауаттылығын – оқушылардың жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін шынайы жағдаяттардағы мәселелерді шешу, эксперимент негізінде ғылыми әдістер көмегімен тұжырымдар шығара білу қабілеттерін тексеруді көздейді. [3]

Қазақстанда жалпы төрт рет PISA тесті өткізілді 2009, 2012, 2015 және 2018 жж. Алайда соңғы тест нәтижесі күтілетін нәтижеден төмен болды. Бұл нәтиженің төмен болуына бірнеше факторлар әсер еткені белгілі. [4] Мысалы: PISA тесті бірінші рет компьютер форматында өтті, жауап берілген сұрақтарды қайта қарастыруға мүмкіндіктің болмауы. Бұрынғы форматта оқушылар бір тапсырманы орыдағаннан кейін жауабын қайта қарастыру мүмкіндігі болатын. [5]Сонымен қатар  PISA нәтижесі оқушының қорытынды жұмыс бағасына немесе аттестатқа түсірілмейді. Бұл, оқушының тест  жұмысын орындауға деген ынтасын толыққанды болмауына  әсер етуі ықтимал деп есептеймін. 

Мен осы өзекті мәселені негізге ала отырып, зерттеген  іс-әрекеттегі өз тәжірибем нәтижесін осы мақала арқылы ұсынғалы отырмын. Бұл іс-әрекеттегі зерттеу нәтижесі биология, химия, физика пәндерін оқыту үрдісінде пән мұғалімдеріне оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарына  тиімді септігін тигезеді деп сенемін.

Алайда, менің  іс-әрекеттегі зерттеу жұмысым ішкі мазмұны және дағдыларды қалыптастыруға бағытталды. Ғылымдар және биология пәнінің оқытушысы болғандықтан, PISA тестінің жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық бөлімін зерттедім.

          Зерттеу жұмысы келесі цикл бойынша жоспардан тұрды:

  1. Зерттеу жұмысының негізгі идеясы мен мақсатын айқындау.
  2. Зерттеу жұмысын жүргізу кезеңдерін моделдеу
  3. 2009-2018 жылдар аралығындағы тапсырмалардың жалпы ерекшелігін саралап, PISA тестіне қатысты зерттелген жұмыстар нәтижесіне  әдеби шолу жүргізу.
  4. Зерттеу идеясы бойынша мәселенің мектептегі орын алу деңгейі мен көрінісі туралы ақпараттарды жинақтау.
  5. Жинақталған мәліметтерге сүйене нақты мәселе аймақтарын айқындау.
  6. Айқындалған мәліметтердің әділдігін бағалау мақсатында бағалау рубрикаторларын даярлау.
  7. PISA бағдарламасының тест тапсырмалары мен Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың MYP (негізгі мектеп бағдарламасы) бағдарламасындағы қорытынды және қалыптастырушы жұмыс тапсырмаларының ерекшелігін салыстыру.
  8. Салыстыру нәтижесіне сүйене отырып оқушылардан күтілетін дағдылар мен біліктіліктердің ұштасатын тұстарын анықтау.
  9. Зерттеу сұрақтарын белгілеу.
  10. Туындаған мәселені шешуде болжаммен тиімді стратегияларды таңдау.
  11. Іс жүзінде оқыту стратегияларын зерттеу нысаны ретінде қолданып, оқушылардың жұмысындағы өзгерісін мониторингілеу.
  12. Саралау барысында, туындаған кемшіліктер мен қателікті ескеріп оқыту стратегияларын жетілдіру.
  13. Айқындалған тәсілдерді тәжірибеден қайта өткізіп, мониторинг және саралау жұмыстарын цикл бойынша жетілдіріп жалғастыру.
  14. Өзгеріс динамикасы мен бастапқы мәліметтерді салыстыра қорытынды шығару.
  15. Зерттеу нәтижесін әріптестермен бөлісу.

Зерттеу жұмысының негізгі идеясы мен мақсаты ретінде Халықаралық Бакалавриаттың MYP  бағдарламасы негізінде  оқушылардың жаратылыстану – ғылыми сауаттылығын арттырып, кез келген  сырттан бағалау жұмыстарында өз білімін дәлелдей алатын, бәсекеге қабілетті оқушыны дайындауда ұтымды оқыту стратегияларын анықтау.

Халықаралық Бакалавриаттың MYP  бағдарламасы PISA жаратылыстану сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларынын аспектілерін келесі концепциялармен (жаһандық мәнмәтін, пәндік концепция, кілт концепциялары, зерттеу сұрақтары) және қорытынды жұмыс критериялары  А (Білім және түсінік), В (Зерттеу және жобалау), С (Нәтижелерді өңдеу және бағалау), D (Ғылымның әсері туралы рефлексия) арқылы қамтиды. Алайда PISA тесті аспектілерінің бағыттарын MYP бағалау критерийлерінің  арасында бөліп қарастырған тиімді болып табылады.

Бұл жорамалға PISA тестіндегі  оқушының жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылығын анықтау бөлімі дәлел бола алады. Төмендегі кестеде PISA аспектілері мен бағыттарының MYP бағдарламасымен сәйкес келетінің дәлелдейтін көрініс болып табылады:

PISA аспектілері [6]

MYP концепциялары мен бағалау критериялары

Үдерістік білім (үдерістерді білу) стандартты зерттеу үдерістері және ғылыми білімді алу үшін түрлі әдістерді білу.

Әдістемелік білім (эпистиологиялық білім), теория, жорамал, гипотеза.

Денсаулық пен ауру түрлері (мәнмәтін)

–         Ауруларды бақылау, әлеуметтік тәжірибені тарату, тамақ өнімдерін таңдау, қоғам денсаулығы.

Ғылым мен техника (мәнмәтін)

–         Жаңа материалдар, приборлар мен үдерістер (процестер), медициналық технологиялар, көлік.

Ғылыми дәлелдерді пайдалану (құзыреттілік)

–         қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;

В критерийі: «Зерттеу және жобалау»

Оқушылар ғылыми зерттеу жұмысын жасаған кезде, мәселені немесе мәселені шешу үшін жеткілікті деректерді жинауға мүмкіндік беретін әдісті жасау керек. Оқушылар өз зерттеулерін құруға жаһандық мүмкіндік беру үшін ашық мәселемен  қамтамасыз етіледі.

Талапқа сәйкес оқушылар келесі жұмыстарды көрсетуі қажет:

і.тексеруден өткен ғылыми зерттеудің  жолын қолдану арқылы сұрақты немесе мәселені түсіндіреді;

іі.тексерілетін гипотезаны тұжырымдайды және оны ғылыми түрде ойлауды қолданып түсіндіреді;

ііі.айнымалылар  қалай басқарылады және  мәліметтер қандай жолмен жинақталатынын түсіндіреді;

iv. ғылыми зерттеулерді жобалайды.

Құзыреттілік

●      болмысты жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан түсіндіре білу қабілеттері

●      ғылыми зерттеу дайындау мен бағалау

●      Дәлелдер мен мәліметтерді ғылыми көзқараспен түсіндіру

 

Ғылыми дәлелдерді пайдалану (құзыреттілік)

–         жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу; 

–         қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу; 

–         ғылым мен техника саласындағы даму жағдайларының әлеуметтік салдарлары туралы ой қорытындылар жасай білу.

С критерийі: «Нәтижелерді өңдеу және бағалау»

Оқушылар сапалы немесе сандық деректерді жинайды, өңдейді, саралайды және құбылыстарды түсіндіреді. Бұл жұмыс түрі арқылы оқушылар әдісті бағалау және оны жақсартулар мен кеңейтулерді талқылауға мүмкіндік алып, аналитикалық ойлау дағдыларын дамуына  ықпал етеді.

 Мақсаттарға жету үшін оқушылар келесі білім-біліктерге ие болу керек:

i. жинақталған және түрлендірілген мәліметтерді ұсыну;

ii. мәліметтерді интерпретациялау және ғылыми түсіндірулерді пайдалана отырып жұмыс нәтижелерін түсіндіру;

iii. жорамалдың ғылыми зерттеулердің қорытындысына негізделгенін бағалау;

iv. әдістің негізделгендігін талқылау;

v. әдістің жақсартылғандығын  және кеңейтілгендігін сипаттау.

 

Мәнмәтін аймағы

●      жеке

●      жергілікті

●      жаһандық

Мәнмәтіндік білім (білім мазмұны), ғылыми мазмұнды білу, физикалық және химиялық жүйелер (физика, химия), тірі жүйелер (биология) және Ғалам және жер ғылымдары (география, геологогия, астрономия)

Білімдер

●      жаратылыстану білімдері

●      ғылым туралы білім

Ғылыми сұрақтарды тану және қоя білу (құзыреттілік)

–         ғылым арқылы зерттелетін мәселелерді айқындау;

–          ғылыми ақпараттарды табу үшін басты ұғымдарды таба білу;

–         жаратылыстану бойынша зерттеулердің сипаттамаларын айқындай білу.

 

A критерийі : «Білім және түсінік»

Студенттер ғылыми білімдерін (фактілер, идеялар, тұжырымдар, процестер, заңдар, қағидалар, модельдер мен теориялар) дамытады және оларды ғылыми негізделген пайымдаулар мен проблемаларды шешу үшін қолданады.

 Жоғары деңгейге жету үшін студенттер өздері ұсынған ақпараттардың шынайылығы мен сапасы туралы ғылыми негізделген пайымдаулар жасайды. Берілген тапсырмалар медиа-баптарда ұсынылған «ғылыми мәлімдемелерге» немесе басқа ғылымдар жүргізген эксперименттердің қорытындыларына және тұжырымдарына қатысты сұрақтарды немесе студенттерді ақпаратты талдауға және тексеруге талпындыратын және оның жарамдылығы және / немесе сапасы туралы дәлелдер ұсынуға мүмкіндік беретін сұрақтарды қамтиды.

Мақсаттарға жету үшін оқушылар келесі білім-біліктерге ие болу керек:

і. ғылыми білімді түсіндіру;

іі.  таныс және таныс емес жағдаяттарда мәселені  шешу үшін ғылыми білім мен түсінікті қолдану;

ііі. ғылыми негізделген пікірлер құрау үшін ақпараттарды саралау және бағалау.

 

Қатынас

●      жаратылыстану ғылымдары мен техникаға қызығушылық

●      ғылыми тәсілдердің зерттеуге маңыздылығын түсіну

●      экологиялық мәселелерді түсінуі

 

Табиғи ресурстар (мәнмәтін)

Қоршаған орта сапасы (мәнмәтін)

Қауіп көздері (мәнмәтін)

Ғылым мен техника  (мәнмәтін)

Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу.

–         белгілі жағдайларда жаратылыстану білімін қолдана білу;

–         құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және өзгерістерді болжай білу қабілеті;

          Ғылыми дәлелдерді пайдалану

–         жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;

–         қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;

–         ғылым мен техника саласындағы даму жағдайларының әлеуметтік салдарлары туралы ой қорытындылар жасай білу.

D критерийі: «Ғылымның әсері туралы рефлексия» 

Студенттер ғылымды дамытудың салдарын бағалау және оларды белгілі бір мәселеге немесе мәселеге қолдану арқылы ғаламдық түсінікке ие болады. Түсінуді көрсету үшін түрлі коммуникациялық әдістер қолданылады. Студенттер ғылымда сөйлескенде, басқалардың жұмысын құжаттаудың маңыздылығын мойындау керек.

Студенттер ғылымды пайдаланудың салдары туралы ойластырып, міндеттерге сәйкес моральдық, этикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени немесе экологиялық факторлардың бірімен өзара әрекеттесуі керек.

 

Мақсаттарға жету үшін оқушылар келесі білім-біліктерге ие болу керек:

i. нақты мәселені немесе сұрақты шешуге ғылым қандай жолмен қолданбалы әрі тиімді екенін түсіндіреді;

ii. нақты мәселені немесе сұрақты шешу үшін ғылымды және оны қолданудың түрлі салдарын талқылау және бағалау;

iii. қарым-қатынас түрлерін тиімді қолдану;

iv. өзгелердің жұмысын және қолданған дереккөздерді құжаттайды.

 

 

MYP мектеп бағдарламасының білім мазмұны мен PISA тестінің мазмұны сай келе бермейді. Яғни, оқушының тек пәндік білімі PISA тестін жақсы жазуға аздық ететіні көрінеді. Алайда, жоғарыда көрсетілген кестеге назар аударсақ, өзара сабақтасып жататын командалық терминдер бірден көзге түседі. Демек оқушының командалық терминдерді дұрыс түсініп  оған сай жұмыс көрсете білу дағдысын шыңдау арқылы, оқушының жақсы жұмыс көрсетуіне ықпал етуіміз қажет.  Қорытындылай келе, оқушылардан төмендегідей әрекеттер талап етілді:

Оқушы:

  1. Ғылыми білімді және ғылым туралы түсінігін түрлі күрделі өмірлік жағдаяттарда мәселені анықтай отырып, үрдісті түсіндіре біледі, білімін қолдана алады.
  2. Түрлі ақпараттарды байланыстырып салыстыруды жүргізе алады.
  3. Шешімдерді қабылдау барысына қолданған білімін негіздеп дәлелдей алады.
  4. Зияткерлік біліктілігін анық көрсете алады.
  5. Ғылыми және техникалық аймақта таныс және таныс емес жағдаяттарда қолданған білімін негіздей алады.
  6. Дербес, әлеуметтік және жаһандық деңгейде ғылыми негізделген шешім ұсына алады.

Демек, келесі командалық терминдер оқушының сапалы жұмыс көрсетуіне жақсы ықпал етеді: анықтау, қолдану, интерпретациялау, болжам жасау, белгілеу, сипаттау, басқару, әдісті құрастыру, жоспарлау, салыстыру, жинақтау, түсіндіру, ұсыну, бағалау, құжаттандыру, жинақтау.

Келесі кезекте мектептегі оқушылардың жоғарыда тізбектелген командалық терминдерді қандай деңгейде түсінетінін анықтау қажет болды. Анықтау жұмысы келесі мәліметтерге сүйенді:

  1. Сауалнама, оқушылар осы командалық терминдерге анықтама беруге тырысты.
  2. Оқушылардың қорытынды бағалау жұмыстарында жиі жіберетін қателіктерін топтастырды.
  3. PISA тапсырмаларына ұқсас қалыптастырушы сынақ жұмысын жүргізе алды.

Мәліметтерді жинақтау үшін ең алдымен командалық терминдерді жүйелеп топтастыру қажет. Қарапайымнан күрделіге принципін сақтау үшін Блум таксономиясына сәйкес командалық терминдерді жүйелеп қарастырған жөн.

Бұл зерттеу жұмысы келесідей мәліметтерді берді.

Оқыту үрдісінде коммандалық терминдерді түсіну және қолдану дағдылары бойынша оқушылармен жұмыс күшейте жүргізілді. Яғни, оқушыларға әр командалық термин нақты нені талап етеді?, оған қалай жауап беру қажет? деген сұрақтарды негізге алу қажет.
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, диаграммадан  оқушылардың терминдерді жалпы түсінгенімен тәжірибе жүзінде  қолдану барысында төмендеу нәтиже көрсететіні байқалады. Белгілеу, анықтау, ұсыну терминдері бойынша оқушының түсінігі мен білімін қолдану деңгейінің арасында үлкен айырмашылық жоқ. Қалған командалық терминдер бойынша жұмысты күшейту қажеттілігі айқын көрінеді. Демек сипаттау, жинақтау, түсіндіру, саралау, бағалау және моделдеу терминдері бойынша оқыту стратегиясын күшейту қажеттілігі туындады.

Бірінші кезеңде, оқушыларға терминдер бойынша жалпы түсінік жұмысы жүргізілді. Әсері әлсіз болды, себебі оқушыларға практикалық машықтану жұмысы болды.

Екінші кезеңде оқушыларға әр командалық терминге сәйкес келетін, биология мазмұнына сай түрлі тапсырмалар арқылы жұмыс жүргізілді. Әрине, оқушылардың терминдер бойынша ілгері үрдісі байқалды. Дегенмен, ол жеткіліксіз болды. Себебі, оқушылардың әр командалық терминге сәйкес жауап беруде өзге терминдердің талабымен шатастыратыны байқалды.

Үшінші циклда, тек бір тақырып аясында мейлінше түрлі командалық терминдерге сәйкес жұмыс ұйымдастырылды. (тапсырма №1) Бұл  ретте, оқушылар командалық терминдерге сәйкес, айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті.

Сурет №1 Жасушаның құрылысы

Сурет №1 https://bilim-all.kz/article/1629-ZHasusha-onyn-qurylysy

 

  1. №1 суретке қарап жасуша органойдтарының мембраналарын бояп көрсет.
  2. Жасуша құрылысындағы органойдтарды цифрлармен белгіле.
  3. Жасыл түспен көрсетілген органойдтардығ қызмет анықта.
  4. Өсімдік жасушасы мен жануар жасушасынның айырмашылығын көрсет.
  5. Өсімдік жасушасы мен жануар жасушасының ерекшілігін салыстырыңыз.
  6. Жасуша құрылысын сиптаттаңыз.
  7. Жасуша формаларының түрлі болуының себебін түсіндіріңіз.
  8. Өсімдік тамырының жасушасы топырақтан көп мөлшерде минералды заттарды сіңіруі қажет екені белгілі. Олай болса, тамыр жасушасының формасы қандай болуы қажет? Жасуша формасын моделдеңіз.
  9. Тек өсімдік жасушасына тән ерекшеліктерді тізбектеңіз.
  10. № 1 суретте берілген ақпаратты қолданып, жасуша моделінің неше есе ұлғайтылғаның есептеңіз.

 

Әрине, бұл бір-екі сабақ көлемінде қалыптаспайды, ұзақ уақытты талап ететін үрдіс. Осындай атқарылған жұмыстар барысында төмендегідей нәтижеге қол жеткізідім:

Оқушылардың командалық терминдер бойынша түсінігі мен қолдану қабілетін арттыру үшін, бір терминге сәйкес келетін түрлі тапсырмалар беру арқылы емес, бір тапсырма аясында түрлі терминдер бойынша жұмыс жүргізген тиімді екені анықталды. PISA тесті бойынша жақсы нәтиже көрсету үшін ең алдымен оқушының пәндік білімі қажет екені сөзсіз. Ал коммандалық терминдер оқушының піндік білімін таныс және таныс емес жағдаяттарда қолдануға көмектеседі. Демек оқушының білімі мен қатар командалық терминдерді дұрыс қолануы, оқушының жаратылыстану ғылыми сауаттығын жоғарылатады.

 

Құдайберген Ринат Серікұлы
Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биолгия пәнінің мұғалімі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий