География және жаратылыс тану: Оқытудағы пән аралық байланыстың маңызы

Қазіргі таңда еліміздің білім беру саласына өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейтін мазмұны жаңартылған бағдарлама енгізілді. «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары осы үдерістің құрамдас бөлігі ретінде оқушылардың әлем туралы білуге құмарлығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге, қоршаған әлемді ғылыми тұрғыдан түсініп, ол туралы біртұтас көзқарас қалыптасуына, бұл әлемді бағалап, сақтай білуіне көмектеседі.

«География» және «Жаратылыстану» пәндері табиғаттағы және қоғамдық құбылыстарды зерттейтін ғылымдар ретінде бір-бірімен, сондай-ақ басқа да жаратылыстану пәндерімен, гуманитарлық бағыттағы және негізгі пәндермен өзара пәнаралық байланыстар жүргізе отырып оқытылатын пәндер болып табылады, яғни жаратылыстану-ғылыми білімнің құрамдас компоненті ретінде «География» пәні табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді өзара бірлікте қарастыратын маңызды пән болып табылады және оқушыларды түрлі географиялық жағдайларда адамдардың өмір сүру деңгейімен, шаруашылықтың жүргізілуі жайлы деректермен таныстыра отырып, адамзаттың өмір сүру ортасын кешенді қарастырады, оқушылардың дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасатын және дамитын аумақтық табиғиқоғамдық жүйелер түрінде қабылдауын қалыптастырады. Жаратылыстану мен географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты ақпаратты өңдеуде ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор.

Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу маңызды болғанымен, пәнаралық жұмыстарды жүргізу пәнді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Карру (Kerry, 2007) тұжырымдағандай, пәнаралық байланысты қолдану білімнің өзара тығыз байланыстылығы туралы Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудағы бұл бағытты сындарлы оқыту теориясын жақтаушылар қолдайды, оқушылар бірлескен жұмыс барысында пәнаралық проблемаларды талқылап, өзара пікір алмасады. Оқушылар әртүрлі пәндер бойынша оқыту аспектілерін пайдалана алады немесе бір пән басқа пәнді оқытуды жетілдіруге негіз бола алады. Пәндер бойынша білімді ықпалдастыру оқушылар үшін білім беру үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруға бағытталған.

География және жаратылыстану сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыруға және білім сапасын арттыруға, оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға, оқу пәндеріне біртұтас жүйелі көзқарас қалыптастыруға, оқушыларды шығармашылығын дамытуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылуына мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыс белгілі бір тақырып бойынша басқа пәндерден алған білімін пайдалану, эксперименттік жұмыс орындау, экскурсиялық сабақ өткізу және көлемді оқу материалын жалпылама қорыту барысында жүзеге асады. Пәндерді мазмұндары бойынша өзара үйлестіре оқыту – оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне ықпалын тигізеді, біртұтас әлемдік ой – танымдарының қалыптасуына жол аша отырып, ғылыми дүниетанымын кеңейтеді.

Географияны басқа пәндермен байланыстыра оқытудың екі түрлі тиімді жағы бар: біріншіден, география оқушылардың басқа оқу пәндеріне дайындығын күшейтеді, екіншіден, өз кезегінде физика, биология, тарих, қоғамтану пәндеріне қойылатын мәселелерді қатар зерттеуде оқу базасын толықтырады. Сабақты жоспарлау барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жұмыс жасауын күшейтеді, сабақ сапасын жақсартады, оның тәрбиелік ролін кеңейтуге мүмкіндік береді. Көптеген пән мұғалімдері жұмысын қиындатқысы келмейді, бірақ бұл сипаттар керісінше – олардың ой шешімін қамтамасыз ете отырып, сабақтың білімдік – тәрбиелік потенциалын күшейту мақсатындағы пәнаралық ынтымақтастықты арттырады. 

«Жаратылыстану» пәнінің басқа пәндермен байланысы. Пән (тақырып) Жаратылыстану сабағының тақырыбы. Математика (адамның немқұрайлығынан туындаған экологиялық апат көлемі). Экология және бірқалыпты даму. Табиғатты қорғау. Математика (арифметикалық орта мәнін есептеу және даму бағытын анықтау). Ғылым әлемі. Деректерді талдау. Физика (Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия) Энергия түрлері мен көздері. Көркем еңбек (тұрған жердің жоспарын құру Ғалам. Жер. Адам. Жер бетін бейнелеу тәсілдері. «География» пәнінің басқа пәндермен байланысы. Пән (тақырып). География сабағының тақырыбы. Биология (Химиялық құрам). Биосфера және оның құрамдас бөліктері. Химия (Көмірсутекті отындар). Табиғи ресурстар. Дүниежүзі тарихы (Иемденуші және өндіруші шаруашылық түрлері (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда). Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары. Жаратылыстану (Энергия түрлері мен көздері). Табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемалар. Физика (Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт). Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы.

Оқушылардың физика, химия, биологиядан алған білімдері физикалық география бойынша көптеген мәселелерді тереңірек білуіне септігін тигізеді, себебі өз республикамыздың физикалық географиясымен таныстырып қана қоймай, оқушыларға жаратылыстану ғылымдарының заңдылықтарын үйретеді және оқушылардың географиялық түсініктерін нығайтады, ойлау мен талдау қабілеттерін, іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Осылайша, физикалық географияның бастапқы сатысы үшін жаратылыстану ғылымына тән пәндермен байланыстыра отырып түсіндіру маңыздырақ болмақ. Экономикалық географияның қазіргі заманғы ерекшеліктерін көп жағдайда сол жердің немесе басқа аумақтың тарихи дамуын еске түсірмей түсіндіру мүмкін емес, сондықтан география сабақтарында ғылыми деңгейді көтеру үшін тарихпен пәнаралық байланыс жүргізудің үлкен маңызы бар. Сол сияқты оқушылардың кескін картамен, статистикалық, картографиялық материалдармен жұмыс жүргізе білуге үйрету мен қалыптастыру – оқушылардың математикалық дайындығын жетілдіреді.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін жаратылыстану саласы пәндері мұғалімдерінің пәндердің оқу бағдарламаларын зерделеу арқылы сабақтағы және сыныптан тыс жұмыстарды бірігіп жоспарлауы тиімді болып табылады. География пәнінің сабақтарында пәнаралық байланыс әдістерін қолдану оқушылардың бойында қоршаған ортаның бүтіндігі туралы тұтас ой, олардың көптүрлілігі туралы ой қалыптасады, сөздік қоры молаяды және ой танымы дамиды, қазіргі замандағы өз орындары мен ролдерін білуі, ойлағанына қол жеткізуі жүзеге асырылады. География пәні бойынша көптеген факторлардың әсері басқа пәндермен байланыстыра оқытуда танымдылықты арттырады.

 Қалбибі Ахметқызы ТАСҚАРАЕВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Түркістан облысы және
Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ “Инновациялық
білім беру және ақпараттық технологиялар”
кафедрасының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий