Эмоционалды интеллект және көшбасшылық

Бүгінгі таңда жеке тұлғаның жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады. Адам баласы – эмоциялық тіршілік иесі, бір адамның эмоциясы келесі адам эмоциясымен іргелесіп өмір сүреді. Эмоционалды интеллект – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.

 

Эмоционалды интеллект идеясы Э.Торндайк, Дж.Гилфорд, Г.Аизенк сияқты авторлар қарастырған әлеуметтік интеллект ұғымынан шықты. Қазіргі зерттеулердің бірқатары эмоция мен интеллект арасындағы өзара байланысты зерттеуге бағытталған. «Эмоциялық интеллект» психологиядағы жаңа бағыттардың біріне кіреді. Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды: өзіндік эмоцияларды тану; эмоцияларды басқара алу; өзіндік мотивация; өзге адамдардың эмоциясын тани білу. Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс атқарған бес жыл уақытта байқағаным әр оқушының жеке қабілеттілігі эмоционалдық интеллект ретінде сабақ барысында байқалды.

Оқушының іс–әрекетінен көрінетіні кез келген зияткер оқушы өзінің эмоцияларын басқара алады, өзіндік тығырықтан жол табуға икем бола алады,өзінің ішкі дүниесін,эмоциялық күйін реттей алады. Дегенмен көшбасшы болуға бейім оқушылар іріктеліп, өз идеясымен топты еліктіре білуде тек білімділігімен ғана емес, сондай-ақ, топпен қарым-қатынас жасай білу өнерімен, оларды жігерлендіріп шабыттандыруымен, еліктіре білуімен жəне жоғарғы мотивацияны сақтап, іске деген құштарлықтарын арттыра алуымен ерекшеленеді. Жеке тұлғаның кəсіби жетістіктері, сөзсіз, оның білімімен, қабілеттерімен, дағдыларымен, жан-жақтылығымен жəне кеңінен ойлау білу қасиеттерімен, яғни оның жалпы интеллект деңгейімен байланысты болып келеді.

Алайда көптеген жағдайларда интеллектінің жоғары деңгейіне ие болу жеткіліксіз. Ғылымға «эмоциялық интеллект» терминін американдық екі психолог Питер Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Олар алғашқы болып эмоциялық интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды. Аталған авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің жəне өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату жəне осы ақпаратты ойлау мен іс-əрекетте қолдану» деп түсіндірді. Ал біздің елімізде А.Толегенова эмоциялық интеллектті психофизиология тұрғысынан қарастырған. Ғалымдардың пікірінше, əлеуметтік интеллект деңгейі жоғары болып табылатын көшбасшылар барынша мұқият қалыптасқан перцептивті жəне мінез-құлық үлгілеріне ие.

Олар топтың өзге мүшелеріне қарағанда қалыптасқан жағдайды тезірек ұғынып, сəйкесті шешімдерді дер кезінде қабылдап, оларды өмірде өзгелермен салыстырғанда тиімді түрде іске асыра алады. С. Заккаро тұлғалық сипаттамаға жататын əлеуметтік интеллект ашық жəне динамикалық жүйелер ішінде көшбасшылықтың пайда болуының қажетті шарты болып табылады деп түсіндірді. Көшбасшылыққа бейім оқушыда өзін өзі қадағалау және адамдармен қарым қатынас жасауда, оларды жігерлендіріп шабыттандыруымен, еліктіре білуімен жəне жоғарғы мотивацияны сақтап, іске деген құштарлықтарын арттыра алуымен ерекшеленеді.

Олар топтың өзге мүшелеріне қарағанда қалыптасқан жағдайды тезірек ұғынып, сəйкесті шешімдерді дер кезінде қабылдап, оларды өмірде өзгелермен салыстырғанда тиімді түрде іске асыра алады. Д. Гоулмен эмоциялық интеллектті тиімді басқарудың міндетті шарты деп қарастырады. Өзінің «Эмоциялық көшбасшылық» кітабында ол көшбасшылық қабілет үлгісін эмоциялық интеллект құрылымына сəйкес келесі түрде сипаттайды: өзіндік сана: өзіндік санасы жоғары дамыған көшбасшылар өз эмоциялары мен сезімдерінің əсерін саналауға қабілетті, бұл қасиет оларға күрделі жағдайларда мінез- құлықтың ең үздік тəсілін таңдауға көмектеседі. Өзін-өзі қадағалау: эмоцияны қадағалау, ашықтық, бейімділік, жеңуге деген ерік- жігер, бастамашылық, оптимизм. Өзін-өзі қадағалауы жоғары дамыған көшбасшылар – стрестерге төзімді, дағдарыс уакытысында тыныштық пен байыптылық сақтай білетін, аумалы-төкпелі жағдайларға тез бейімделе алатын тұлғалар.

Əлеуметтік сезгіштік: эмпатия, іскери білімдарлық, елгезектік. Осындай қасиеттерге ие көшбасшылар қоршаған адамдарды тез түсініп, олардың орнына түсе алады; адамдардың қажеттіліктеріне өте сезімтал болып табылады. Қатынастарды басқару: ынталандыру, ықпал ету, жетілуге көмектесу, өзгерістерге қолдау көрсету, шиеленістерді реттеу. Осындай сипаттарға ие көшбасшылар өзінің қоластындағы адамдардың үн қатысуына ықпал етіп, оларды алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға жігерлендіре алады. Мұндай тұлғалар ұжым шеңберінде ауызбіршілік пен бір-біріне сенімді қалыптастыра алады. Сабақ барысында проблемалық оқытуда қолданылатын топтық міндетке ғана бағытталған көшбасшының эмоциялық интеллекттің төменгі деңгейін байқату мүмкіндігі айтылады.

Көшбасшылық белгілі бір топтық міндеттерді шешумен тығыз байланысты «көшбасшылықтың рөлдік дифференциациясы» қолданылады. Инструменталды көшбасшылық мақсаты топтың нысаналы түпкі міндеттерін шешуі барысында топты басқару болып табылады, ал эмоционалды көшбасшының рөлі ұжымда ішкі жағымды ортаны қалыптастыру жəне оның тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты болып табылады. Эмоционалды интеллект және көшбасшылық нəтижелерін сараптау жəне талдау болашақтың еншісінде деп атап өтуге болады. Осыған қарамастан, эмоциялық интеллект конструктісі қарым-қатынасқа негізделетін бірқатар кəсіптерді игеру жəне жүзеге асыру кезінде аса маңыздылыққа ие екендігі тұжырымдалып отыр. Сондықтан, осы бағытта ізденістерді жалғастыру аса қажетті əрі нəтижелі іс-шара болып табылары сөзсіз.

Әсия ҚУАНЫШЕВА,
Алматы қаласындағы химия-биология
бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
тарих пәні мұғалімі, модератор 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий