Қашықтан оқытудағы психологиялық қолдау

Пандемия кезеңінде елордалық “NurOrda” мектеп-лицейі  өзге білім беру ұйымдарымен қатар жаңа технологиялық тәсілдерді қолдана отырып, қашықтан білім беру қызметін көрсетті. Бұл кезең білім беру процесіне қатысушылардың көңіл-күйіне біршама әсерін тигізіп, сәйкесінше, мектептегі психологиялық қызмет жұмысына сұраныс пен қажеттілік артты.

Осы қиын кезеңде мектеп-лицей психологтары: Айман Садвакасова, Алма Сүлеймен, Айнаш Айтенова, Айгерім Егізбаева, Лаура Тагыбаева, Балжан Жиренше «Wisefull» халықаралық психолого-педагогикалық компаниясының бағдарламалары негізінде коучинг элементтерін пайдалану арқылы арнайы бекітілген жоспарға сәйкес білім беру процесі қатысушыларына (педагогтерге, оқушыларға, ата-аналарға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсете білді.

Бүгінгі таңда “Білім – Инновация” халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен “Білім – Инновация лицейлері” мен “NurOrda” мектеп-лицейі психологиялық қызметті «Wisefull» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Осы ретте, 2019 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы маусым аралығында «Wisefull» компаниясы мектеп-лицейлер психологтарына арнап 114 сағаттық тренингтер ұйымдастырды. Карантин кезеңінде «Эмоционалды зият» тақырыбының құрамдас бөліктері болып табылатын «Өзіндік сана», «Мотивация», «Өзін-өзі реттеу», «Әлеуметтік дағды», «Эмпатия» мастер-кластар өткізді. Психологиялық көмек пен түзетуді қажет ететін «Жеке кейс» вебинарында оның жеті түрі қарастырылып, психологтар өз әріптестерімен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар «Wisefull» компаниясы Zoom платформасы арқылы ата-аналармен «Карантин кезінде көктемгі демалысты тиімді өткізу», «Компьютерлік тәуелділік», «Отбасындағы эмоционалды зият зертханасы» тақырыптарында  вебинарлар өткізді.

Пандемия кезеңінде аталмыш мектеп-лицей психологтарының білім беру процесі қатысушыларымен жұмысы «Wisefull» компаниясы бағдарламалары негізінде қашықтан психодиагностика, психопрофилактика, психологиялық ағарту, психокоррекциялық  бағыттары бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, 1-6 сынып оқушыларымен “Менің шығармашылық ойым” тақырыбында психокоррекциялық сабақтар мен жеке кездесулер, педагогтермен “Менің оқушымның таланты мен потенциалын ашу”, ата-аналармен “Баланың потенциалы мен талантын ашу” тақырыптарында  консультациялар өткізілді.

Осы бағытта мектеп психологтары қарым-қатынаста қиындық тудырған және тұлғалық ерекшеліктерінде түзетулер қажет ететін балалармен онлайн қашықта байланыс орнатып, жеке кейстер жүргізіп отырды. Сондай-ақ, психологиялық профилактика бағытында интерактивті нысанда оқушылармен “Өз-өзін бағалау мен табыс” топтық  жұмыстары, педагогтермен “Қазіргі әлемдегі балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту” және ата-аналармен “Технология дәуіріндегі балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту» тақырыптарында психологиялық ағарту жұмыстары ұйымдастырылып,  жеке  консультациялар  өткізілді. 7-11 сынып оқушыларымен “Эмоционалды зияткерлікті дамыту”, “Эмоцияны басқару” бағдарламалары бойынша “Қарым-қатынас өнері” тақырыбымен психологиялық ағарту және профилактика бағытында жеке психологиялық түзету сабақтары өткізілді. Интерактивті форматта педагогтермен “Ата-аналар мен оқушылар арасындағы диалог”, ата-аналармен “Қарым-қатынас өнері” психологиялық ағарту жұмыстары жүргізіліп, психологиялық зерттеулер нәтижесінде мұғалімдермен және ата-аналармен жеке кеңестер өткізілді.

Онымен қоса ата-аналарға арналған онлайн жиналыстарында «Демалыс уақытындағы іс-шаралар» тақырыбында мектеп психологтары кеңестер беріп, жасөспірімдерді интеллектуалды, эмоционалды және физикалық бағытта дамыту жолдарын түсіндіріп отырды. Осы ретте  жасөспірімдерді жете түсінуге бағытталған, отбасылық жағдайда жасалатын арт-терапиялық әдістердің үлгілері ұсынылды. Психодиагностика бағыты бойынша 1-11 сынып оқушылары онлайн форматта зейін көлемін анықтайтын «Бурдон» және «Эмоционалды зият» тесттерін тапсырды.

Психопрофилактика бағыты бойынша моториканы дамытуда оқушының сезім қабілетін таныту үшін “Аукцион” ойыны және оқушының эмоционалдық интеллектін дамыту жаттығулары “Эмоция  линейкасы”, “Эмоция күнтізбесі” ата-аналармен бірлесе отырып өткізілді. Карантин кезінде мектеп психологтарының оқушылармен және ата-аналармен өткізген іс-шаралары өзекті және дер кезінде ұсынылған қажетті ақпарат болды. Осыған орай, ата-аналар өздерінің алғыстарын білдіріп, жақсы пікірлер айтты.

Қорыта айтқанда, «Wisefull» компаниясы мен “NurOrda” мектеп-лицейінің психологиялық қызметінің пандемия кезеңінде бірлесе жасаған жұмыстарының жүйелілігін әрі тиімділігін көрсетті.

Айман САДВАКАСОВА, Алма СҮЛЕЙМЕН,
Айнаш АЙТЕНОВА,  Айгерім ЕГІЗБАЕВА,
Лаура ТАГЫБАЕВА, Балжан ЖИРЕНШЕ,
“NurOrda”  мектеп лицейінің педагог психологтары,
Нұр-Сұлтан қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий