Ғылым мен білімнің интеграциясы талқыланды

Заманауи білім берудің болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің сан алуандығымен анықталатыны белгілі. Интеграция дегеніміз – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру болып табылады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда  білім беру ұйымдарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.  

Бүгінгі  таңда еліміздің, қоғамымыздың əлеуметтік-саяси жəне басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі — білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада өз əсерін тигізуде. Бүкіл əлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мəселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бəсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болса, осы талапқа орай ізденімпаз ұстаздың шығармашылығындағы ерекше тұс оның сабақты түрлендіріп, шәкірт жүрегіне жол таба білуі болып табылады. Сонымен қатар өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға болуымен қатар бəсекеге қабілетті, білім берудегі кəсіби біліктілігі жоғары, əдістемелік  жұмыстардың шебері болу қажет. Облыс педагогтерінің кәсібі біліктілігін шыңдауда, әдістемелік қолдау көрсету бағытында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымы заман сұранысына сәйкес, біліктілік арттыру курстары мен әдістемелік шараларды жүйелі ұйымдастырып, тыңдаушыларды курстан кейін әдістемелік бағытта қолдауды  жүзеге асырып отыр.

Жүйелі атқарылып жатқан шаралар, облыс педагогтарының білімдік мүмкіндік шамасын дамытуға және біліктіліктерін арттыруға, ғылыми шығармашылықтарын жетілдіруге бағытталған. Сондай шараның бірі ғылыми-білім беру интеграциясының дамуына ықпал ету, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, қазақстандық білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Ғылым мен білімнің интеграциясы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік оnline  конференция.

Конференция  жұмысы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері мен практикалық тәжірибе деңгейінде заманауи білімі бар ғылыми-техникалық кадрларды даярлау, білім берудің интегративті мазмұнын, білім беру процесін, сондай-ақ өзіндік іс-әрекеттің жүйесі мен дәйектілігін жобалау мен құруда мұғалімдердің құзіреттілігін қалыптастыру және білім алушылардың әлеуметтік-кәсіптік өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау, оның ішінде сыныптан тыс және мектептен тыс ортаның білім беру әлеуетін тарту арқылы жүргізу мен қатар, интеграцияның шарттары және тетіктері мен оның технологияларын жасау арқылы тұлғаның перспективалы даму мүмкіндіктерін кеңейту міндеттерін қойды.

Аталмыш міндеттерді орындау мақсатында конференция жұмысы сандық оқыту және сандық мәдениет, жалпы және қосымша білім интеграциясы, мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіріп (біріктіріп) оқыту, ғылым дамуының әлемдік деңгейіне бағдарланған гуманитарлық, іргелі және техникалық ғылымдар интеграциясы, интеграцияның және дифференциацияның диалектикалық бірлігі, білім беруді басқарудағы интегративті үрдістер және жаһандану жағдайындағы ұлттық білім беру жүйесінің интеграциясының аспектілері мен мәселелері бағыттары бойынша жүргізілді. Алыс-жақын шет ел мемлекеттерінің жоғары оқу орнының педагог мамандары, білім берудегі кәсіби жоғары деңгейдегі педагогтер, докторанттар, аспиранттар, ізденушілер, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ өкілдері, мектепке дейінгі білім беру және орта білім беру ұйымдары басшылары, психологтар, әдіскерлер және басқа қызығушылық танытқан әріптестер қатысқан конференция барысында интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мақсатында академиялық ресурстарды біріктіруге мүмкіндік беретін білім беру ынтымақтастығының зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және техникалық негіздерін нығайту, ЮНЕСКО мәлімдеген гуманистік парадигмаға сәйкес жеке тұлғаға бағытталған оқыту моделін іс жүзінде іске асыру, және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқытуды дамыту және тарату мәселелері де сөз болды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттанну Академиясының академигі, профессор Ғалымжанова Маржан Анесқызының алғысөзімен басталған конференция жұмысын (модераторлар) институттың «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Куракова Роза Нысангалиевна мен Ажигулова Майя Салауатовна жүргізді. Қатысушылар интеграция мен саралаудың диалектикалық бірлігі, білім мен ғылымның интеграциясы аясында дарынды балаларды оқыту тәсілдері, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда интеграциялық оқытудың тиімділігі, интегративті білім беру кеңістігіндегі мұғалімнің бағалау қызметінің кейбір аспектілеріне тоқталды.

Сонымен қатар  сандық сауаттылық, цифрлық сауаттылық және білім беру ісіндегі цифрлық дағдылар туралы, білім мен ғылымды кіріктірудегі зерттеушілік әрекеті, химия және жаратылыстану пәнін терең меңгеруде білім беру порталдарының артықшылықтары, білім беру жүйесінде «Мәңгілік ел» құндылықтары аясында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде интеграциялаудың ролі бағытындағы іс-тәжірибелерін ортаға салды. Online.ripkso.kz/atyrau платформасы арқылы ұйымдастырылып өткізілген конференцияда өзгермелі әлемдегі болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойлауын қалыптастырудың моделі ұсынылып, STEAM білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіріп (біріктіріп) оқытуды ұйымдастыру жолдары мәселелері де сөз болды.

Конференцияға қатысушылар жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерге, жалпы орта білім мен  кәсіптік-техникалық оқу орындарына олардың бірлескен қызметін ұйымдастыруда ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік және кеңестік көмек көрсету, интеграциялық мәселелерді шешудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені жинақтау, талдау және тарату және ғылым мен білімнің тығыз ынтымақтастығы мен белсенді өзара әрекетін дамыту аясында сондай-ақ бірлескен ғылыми және білім беру қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жолдары туралы өзара ой бөлісіп, талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстар қабылдады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындары мен орта буын оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан–жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білгенде ғана педагог жұмысы жемісті болмақ.

Гүлзахира Сапарғалиқызы ҚАЛЕНОВА,
“Өрлеу”БАҰО”АҚ филиалы Атырау облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институты, “
Білім беру процесін психологиялық педагогикалық
сүйемелдеу” кафедрасының
курстан кейінгі қолдау және
инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий