Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшылығына Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы тағайындалды

Облыс әкімі Есқалиев Ғали Нәжімеденұлының өкімімен және Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы лауазымына Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы тағайындалды. Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы – 1963 жылы туған. Білімі жоғары. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «математика және физика мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған, – деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.


Әр жылдары: Фурманов ауданы Саралжын орта мектебінің физика және математика мұғалімі; Орал аграрлық-техникалық колледжінің І санатты оқытушысы; Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының орта жалпы білім беру бөлімінің бас маманы; Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің бастығы; Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы бастығының орынбасары; Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы; 2017 жылдың маусым айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий