“Алтын белгі” 229 атыраулық түлекте

Атырауда биыл мектепті 5 286 түлек бітірді. Олардың арасынан 11 жыл бойына үздік оқып, түрлі білім бәйгесінде жұлдызы жарқыраған 229 оқушы «Алтын белгіні» иеленеді. Ал 183 түлектің білімі «Үздік аттестатпен» бағаланды. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың мәлім етуінше, түлектердің 4 211-і ҰБТ тапсыруға өтініш беріпті. Бұған қоса колледждерді бітірген 834 түлек те тест тапсыруға ниет білдірді, – деп жазады республикалық “ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН” газеті.

Өңірлік коммуникациялар қыз­­­­­метінің мәліметіне сүйенсек, ҰБТ сынағы өзге өңірлер секілді Аты­рауда да 21 маусымда басталды. Сол күні Х.Досмұхамедов атын­дағы Атырау мемлекеттік уни­вер­ситетінің тестілеу орта­лы­­ғын­да сынаққа 222 түлек қатыс­ты. Тест тапсырушылардың бар­лығы санитарлық-эпидемиялық норма­ларға сәйкес, дезин­фек­циялаудың бес кезе­ңінен өтті.

Содан бері екі аптаға жуық мерзім өтсе де түлектер жина­ған жоғары балл туралы бірде-бір дерек жария етілмеді. Ал­ғашқы күні, тіпті одан кейін сы­нақта ҰБТ тапсырған түлек­тердің қаншасы жоғары балл жинағанын білгіміз келген еді. Алайда бұл әрекетімізден еш­­теңе өнбеді. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исан­бергенова ҰБТ орталығына сілтеді. Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы тес­тілеу орталығының жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова телефон тұтқасын көтермеді.

Дегенмен Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсырудың ашық­тығы мен объективтілігін қам­­тамасыз етуге ұмтылыс та­ны­­тып отырғаны даусыз. Осы мақ­­­сатта еліміздің барлық өңі­рін­­де жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына арнайы мони­то­­ринг топтың, «Атырау – адал­­­дық алаңы» жобалық кең­сесі­нің өкілдері мен агенттік қыз­меткерлері кірді. Аталған топтың негізгі мақ­саты – тестілеуді өткізудің ашық­тығына мониторинг жүргізу. Мәселен, 24 мау­сым­­дағы жағдай бойынша Аты­рау облысында тыйым са­лынған заттарды алып өтуге жә­не пайдалануға тырысқан 32 түлектің ереже бұзғаны анық­талып отыр. Түлектердің кейбірі оқулықты жасырын түрде алып кіргісі келіпті.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі Атырау об­­лысы бойынша департаменті­нің ұсынған мәліметіне сүйенсек, осындай келеңсіздіктердің қоры­тындысымен тестілеуге жол бер­меу және тестілеу залынан шығару актілері жасалыпты. Соның ішінде Атырау қаласында 12, Қы­зылқоға ауданында 4, Мақат ауданында 3, Индерде 4, Жылыойда 6 жә­не Исатай ауданында 2 жағдай тіркеліп отыр. Әрине «…адам аласы ішін­де» дегендей, ҰБТ тапсыр­ған тү­­лектердің кейбірі осындай ке­леңсіз әрекет жасады. Алай­да олар­дың бәрі бірдей заң бұзу­шы­лыққа бармаған шығар. Ендеше, атыраулық түлектердің қан­шасы 100-ден жоғары балл жинады екен?..

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий