“Жазғы демалыс – 2020” бағдарламасы жүзеге асырылуда
Жамбыл облысындағы білім басқармасының үйлестіруімен бүгін “Жазғы демалыс – 2020” бағдарламасы бойынша мектеп оқушылары арасында спорт жұлдыздарымен таңғы жаттығу, тоғызқұмалақ, скакалкамен секіру сынды спорттық ойындарұйымдастырылды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ондағы негізгі мақсат жасөспірімдерге адам денсаулығының баға жетпес байлық екенін түсіндіру және бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізу болды. Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорт алаңшасында өткізілген шарада Тараз қаласындағы #24 мектеп-гимназиясының Дене шынықтыру пәні мұғалімі, ҚР «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2019» байқауының жеңімпазы Дмитрий Воронько мектеп оқушыларына таңғы жаттығу жүргізді.
Бұдан бөлек, “Әулиеата” спорт клубының тоғызқұмалақ спортынан жаттықтырушысы Ербол Нұрханов оқушыларға тоғызқұмалақ ойындары бойынша шеберілік сыныбын өткізіп, оқушылардың ұлттық спортқа деген таным-қызығушылығын кеңейтті.