Домбыра күні біз үшін ерекше мейрам
Қазақ ұлтының киелі аспабы – Домбыра күні Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Нұр сазы” ансамблі үшін ерекше мереке. Шығармашылық топ – республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткен “Жұлдызды таланттар фестивалі ”байқауының Бас жүлде иегері, “Атамекен” республикалық патриоттық өнер байқауында “Ұлт аспаптар” аталымының жеңімпазы, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
“Нұр сазы” оркестрі 2017 жылы құрылған болатын. Басында оншақты оқушыдан құрылған домбыра оркестрінің көркем жетекшісі Ертай Барлықов арада екі жыл тастап, ұлт аспаптар ансамблі дәрежесіне көтерді. – Алғашында домбырашылар ансамблі болды, кейінірек жақсы талабы, көңілі бар оқушыларды іріктеп алып, ұлт аспаптар ансамбліне ауыстық, – дейді ұстаз. Казір музыкант оқушылар Ерен ағайдың жетекшілігімен домбырамен бірге қобыз, қылқобыз, жетіген, шертер, бас домбыра, ускірік, шаңқобыз, ұрмалы аспаптарды меңгеріп, мектепшіл, қалалық сахналарда өнер көрсетіп жүр.
Загрузка...– Алдағы мақсат мәдени және кәсіпқойлық орындаушы деңгейлерін жетілдіру және дамыту – сол себептен біз байқауларға қатысуға бет бұрдық, – дейді Ертай Барлықов. Ансамбль репертуары Құрманғазы, Даулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев сынды қазақ композиторларының туындыларымен байытылып, жан-жақты дамуда. – Домбыраны бес жастан бері ойнаймын, Қытайда бір жыл, Актөбеде 6 жыл музыкалық мектепте оқыдым, сосын Ақтөбе қаласының Зияткерлік мектебінде екі жыл домбыра ансамблінде ойнадым. Енді Алматы қаласының химия-биология бағытындағы зияткерлік мектебінің оркестрінде шыңданып жүрмін. Республикалық, халықаралық және облыстық жарыстарға қатысудамыз, – дейді 10 сынып оқушысы Бөкен Ақжан.