136 балл алған павлодарлық түлек: ҰБТ-ға жеке дайындалу керек

Ал енді үлкен сынақты ойдағыдай тапсырған ол бос уақытында кітап оқып, фильмдер көргенді ұнататынын айтады. Болашақ студенттің ендігі жоспары – жоғары әскери оқу орнына түсу үшін нормативтер мен құжаттарын дайындау. – Мен шекара қызметін таңдадым, – дейді ол. – Бұл өте тамаша мамандық деп ойлаймын. Жалпы тест тапсыру кезінде телефон немесе шпаргалка алып кіру қиын, ал өтіп кеткен күннің өзінде оны қолдану мүмкін болмайды. Сондықтан мен өз біліміме сенуге тырыстым.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы 23-30 маусым аралығында Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінің 1150 түлектерінен ҰБТ-ға 933 (81%), 2019 жылы – 750 (74%) қатысқан. Оның ішінде қазақ тілінде – 378, 2019 жылы – 350. Қала мектептерінің 60 түлегі 100 және одан да көп балл алды. Оның ішінде 6 түлек 125 және одан жоғары балл жинады. Ең жоғары баллға № 35 ЖОМ түлегі Айдос Қобыланды ие болды (140 баллдан 136 балл).