Қорқыт университеті: Ақ жол, жас түлек!

Қалаған оқу орнына түсіп, диплом алу — әрбір жастың өмірлік арманы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушылары білімдерін шыңдап өмірлеріндегі маңызды кезең – диплом алу сәтін бастан өткеріп, бакалавриат бойынша – 861 861, магистратура бойынша 191 білім алушы жас маман ретінде үлкен өмірге қадам басты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Биылғы түлектерге елімізге төнген қиын кезеңде қашықтықтан оқу технологиясы арқылы білім алуға тура келді. Қашықтықтан оқыту арқылы олар біліктілік пен білімнің сыналатын уақытында, бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. Осы себепті олардың Университет қабырғасында алған білімідерін Егемен еліміздің өркендеп-дамуына арнап, білікті маман болатынына сеніміміз мол. 

Университет ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы болашаққа қадам басып келе жатқан барша бітіруші түлектерге жүрек жарды құттықтау сөзін арнап, алдағы күтіп тұрған қиын сынақтардан сүрінбей, білімдері мен біліктіліктерінің арқасында биіктерді бағындыра беріңдер – деген ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, биылғы ерекше диплом табыстау салтанатында оқу ордасында үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан бірқатар университет мақтаныштары университет ректорының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Дипломмен қатар, университет ректорының құттықтау қағазы да барлық түлектерге өмірлік естелік болмақ. Бітіруші түлектер және олардың ата-аналары университет ректоры мен ұжымына және кәсіби біліктіліктерін шыңдап, бағыт-бағдар берген оқытушылар құрамына зор алғыстарын жеткізді. Топ алдында шығып сөз сөйлеген түлектердің сөзінен қимастық пен жылулық сезімі, жүздерінен болашаққа деген зор үміт пен сенім сезіледі.

Онлайн форматта өткізілген шараға университеттің бұрынғы бітіруші түлектері де қатысып, өздерінің білім берген оқытушыларын ұмытпағанын, оларға деген алғысы мен құрметі шексіз екендігін жеткізді. Әрбір ұстаз үшін шәкіртінің биіктерді бағындырып, өзін-өзі тапқаны, ал шәкірті іздеп келіп алғысын жаудырып жатса, бұдан артық ұстаз үшін мәртебе де жоқ шығар. Салтанатты шара онлайн концерттік бағдарламаға ұласты. Іргелі оқу ордасының талантты жастары ән мен жырдан шашу шашып, мерекенің шырайын келтірді. Биылғы түлектер – ертеңгі университет мақтаныштары. Барша бітіруші түлектерге АҚ ЖОЛ тілейміз!

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий