Жамбыл облысы: “Елбасы – жастар тірегі” фестивалы ұйымдастырылды
Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен Тараз қаласындағы “JASTAR” аллеясында Елорда күніне орай “Елбасы – жастар тірегі” атты фестиваль ұйымдастырылды, – деп хабарлвйды білім басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған фестивальдің негізгі мақсаты жастарға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы мәлімет беріп, азаматтарды өз Отанын қорғауға, туған жерін сүюге, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қолөнер бұйымдары мен астық өнімдерінен көрме ұйымдастырып, өнерлерін ортаға салды. Фестиваль соңында колледждердің белсенді студенттері «Ең үздік волонтер – 2020», «Білім үздігі», «Ең үздік өнер қыраны – 2020», «Ең үздік спортшы – 2020» номинацияларымен марапатталды.
Загрузка...