Елордасындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы: Оқушылардың “Фараби сазы” оркестрінің тұсауы кесілді
Елорда күні және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында (директоры Іргебай Ербол Іслямұлы) тұңғыш оқушылардың “Фараби сазы” оркестрінің тұсауы кесілді, – деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Мақсаты – Елорда күні мерекесін және оның қалыптасуы мен өркендеуіндегі Елбасының ерен еңбегін жан-жақты насихаттау және халқымыздың қасиетті аспабы – домбыраның мәні мен маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, Ұлттық домбыра күні мерекесі қарсаңында әл-Фараби есімін иеленген Оқушылар сарайының “Фараби сазы” оркестрінің тұсауын кесіп, қалың жұртшылыққа таныстыру. Елордамыздағы талантты оқушылардың өнеріне құрмет көрсету арқылы олардың бойында еліне, ұлтына деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыру, – дейді “Фараби сазы” оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы.
Загрузка...