Онлайн байқау: “Жаздың энергиясы” тақырыбында асфальтта сурет салынды

Елордасындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне орай «Жаздың энергиясы» тақырыбында асфальтта суреттер салу онлайн байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы қосымша білім беру орталығының баспасөз қызметі.


Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында есірткі және психотроптық заттардың таралуы мен қолданылуына теріс қатынасты қалыптастыру, салауатты және қауіпсіз өмір салтын және олардың денсаулығына құндылықты көзқарастарын қалыптастыру болды.

Байқауға қатысушылар ең көңілді эмоциялар:күн сәулелері, кемпірқосақ, дұрыс тамақтану суреттерін және «Біз – спорттық отбасымыз!», «Спорт және мен!», «Мен велоспортты таңдаймын!» атты суреттерін салып, өз ұрандарын суреттері арқылы айқын көрсетті. Әр қатысушы дипломмен ал байқау жеңімпаздары сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.


І орын – Ерболатұлы Батырхан, 9 жас
ІІ орын – Набоков Глеб, 10жас
ІІІ орын – Суфьянов Давид, 8жас

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий