“Шуақты қала” флешмобы қашықтан ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан қаласының үлкен кіші тұрғындары, жас өнерпаздары үшін үлкен мереке, елорда күні. Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының жас бүлдіршіндері қызықты бағдарламалар мен ән-биге толы осы мерекені жыл сайын асыға күтеді.  Кеше елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына 23 жыл толды. Осыған орай біздің тағылымды тарихы бар оқушылар сарайының тәрбиеленушілері ізгі ниеттерін би арқылы білдірді, – деп хабарлайды осы қосымша білім беру орталығының баспасөз қызметі.

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленуші жас бишілері елорда күніне арнаған құттықтау флешмобын жолдады.  Бейнероликке түсірілген флешмобқа «Алтын дән», «Алтынай», «Бәйтерек» және «Эдельвейс» би ансамбльдерінің тәрбиеленушілері қатысты. Осы флешмоб арқылы жас өнерпаздар өз қаласына бейбіт аспан, жарқын өмір сыйлайтын бақыт пен береке тіледі.

Бейнеролик сарайдың ресми сайты мен ютуб каналына, сонымен қатар әлеуметтік желілердің парақшаларына жүктелді.  Негізгі мақсаттары мен міндеттері жас ұрпақтың бойына елжандылық, патриоттық сезімдерді  дарыту; тәрбиеленушілердің бойындағы өнер әлеміне деген қызығушылықтарын ояту; балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етуге бағытталған болатын. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий