әл-Фараби: 1150 жыл өткен соң

Біздің аймақтық филиал данышпан ұстаздың ғасырдан асқан мерейтойына арналған «әл-Фараби мұрасы және рухани жаңғыру жолындағы Қазақстан» тақырыбындағы облыстық педагогикалық онлайн оқуларды ұйымдастырды. Жетекші идея – әл-Фарабидің философиялық мұрасын ұғыну және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында этномәдени өзін-өзі сәйкестендіруді нығайту.

Білім беру оқиғасының түрін таңдау педагогикалық қызметкерлердің тиімді тәжірибелерін трансляциялаудың өзекті нысаны болып табылатын педагогикалық оқулардың ерекшелігімен және оларды ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстырумен байланысты. Педагогикалық оқулардың беделі мен имиджі облыстық білім басқармасы, Қазақ Ұлттық Университеті өкілдерінің қатысуымен күшейе түсті. Қазақстан халқы Ассамблеясы, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл қаласындағы «әл-Фараби» мектеп-лицейі, «Өрлеу» БАҰО АҚ аймақтық филиалдары және облыс мектептері.

Күлімкөз СМАИЛОВА, «әл-Фараби» мектеп-лицейі» КММ-нің басшысы: – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «әл-Фараби» мектеп-лицейі – Ұлттық құндылықтарды өзінің қазіргі және келешек өміріндегі жетістіктерінің күре тамыры ретінде білетін, табысты өмір жасаушы, бойындағы қабілеттерін, қадір-қасиеттерін өзінің, отбасының және елінің игілігі үшін ашып, тиімді пайдалана алатын; жоғары потенциалы бар, рухани, интеллектуалдық, шығармашылық және білімділігі жағынан келешек өмірдегі үлкен жетістіктерге қол жеткізетін, әлеуметтік жауапкершілігі мол азаматтар мен азаматшаларды дайындау» атты миссиясы бар, өңіріміздегі жаңашыл білім ордасы.

Мектептің тыныс-тіршілігін саралай отырып,  әлсіз, мықты, қауіпті және басым жақтарын анықтап алып, әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты трактаты негізінде алты міндетті  (әл-Фараби мұрасын зерделеп, қазіргі педагогиканың өзекті мәселелерін шешуде қолдану; қайырымды мектеп тұрғындары ие болуға тиісті ортақ ізгіліктерді қалыптастыру; мектеп-лицей ұжымына бақытқа жету жолдарын көрсету; тәлім-тәрбие үрдісін ұлттық негізде іске асыру; мектеп-лицейдің білім беру үрдісін ізгіліктендіру; шәкірттерді табиғатына үйлесімді жан-жақты дамыту) белгіледік.

Жазира КОКБАС, «Bilim Ainasy» республикалық ғылыми-танымдық газетінің СҚО меншікті тілшісі, ф.ғ. магистрі: әл-Фараби сананың тек теориялық-танымдық қана емес, саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде де алатын орнын жоғары бағалады, адамзат баласы сананы жетілдіру арқылы соғыс секілді қайшылықты жағдайды да шеше алады деп есептеді. Қайырымды мемлекетке мінездеме бере отырып, ол оның ішкі мәнін де ашуға тырысты. Адамзат баласына тату-тәтті көршілік пен өзара құрмет, әлеуметтік әділдік пен адалдықтың нәтижесінде қандай рухани биіктіктерге шығуға болатындығын сөз етті.

Ақмарал Оралқызы ЖАКУПОВА, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Преснов жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космониялық және космологиялық түсініктері үндес. Абайда талай терең қағидалар жатыр. Мысалы Абайдың «ғақлия – нақлия», «ғаламның сәнді сәйкес жарастығы», «ғылым құдіреті», «жүрек таразысы – инсаф», «өмірдің өзі шындық» деген тәрізді қағидаларының әрқайсысы бір-бір томдық еңбек жазуға болатын тақырыптар. Және осылардың барлығы әл-Фараби еңбегінде бар, онда терең талқыланған. Абай жолын келешекте кеңейтіп адамдық, шындық жолы– Фараби-Абай жолы деп тануымыз керек. Педагогикалық оқулар «әл-Фараби» мектеп-лицейінің виртуалды экскурсиясы, сондай-ақ «Өрлеу» филиалымен бейресми оқыту» жобасы аясында әл-Фараби кітаптары туралы бейнесюжет көрсетілді. Іс – шараның ерекшелігі – «әл-Фараби» мектеп-лицейі түлектерінің бейне көрінісі.

Педагогикалық оқу нәтижелері бойынша келесі ұсыныстар жинақталды. Білім бөлімдерінің басшыларына: білім беру ұйымдарына басшылық лауазымдарға үміткерлерді іріктеу кезінде Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ізгілік қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактатында сипатталған 12 қасиеттің кандидаттардың жеке мінездемесі ретінде қалыптасуын ескеру қажет. Білім беру ұйымдары басшыларына: білім беру ұйымдарын басқару тәжірибесінде саналы және тұтас қолдану мақсатында әл-Фарабидің «Ізгілікті қала азаматтарының көзқарасы туралы», «бақытқа жету жолдары туралы» трактаттарын меңгеру; қазіргі білім беру үдерістерін ұйымдастыру үшін әл-Фарабидің философиялық идеяларын қолдану: оқыту, дамыту және тәрбиелеу; категорияларының даму бағдарламасы мен жергілікті нормативтік актілерінің мазмұнына білім беру мекемелерінің «бақыт», «бақытқа қол жеткізу жолдары», «мектеп мейірімді қала ретінде» білім беру субъектілерінің қызметі мен жеке табыстылығының критерийлері ретінде енгізу.

Педагогтер үшін: жаңартылған білім беру мазмұнының құндылыққа бағытталған аспектілерін жүзеге асыру кезінде әл-Фараби теориясын тұлғаның құндылықтық қасиеттері туралы қолдану (трактат «Ізгілікті қала азаматтарының көзқарасы туралы»). Әл-Фараби» мектеп-лицейіне: әл-Фараби мектеп-лицейі мейірімді қала ретінде» тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру, оның нәтижелерін «мектеп өмірінің бір күні» жобасында жариялау (Бұл жоба ҚР 2020-2025 жж. арналған БжҒДМБ қарастырылған).

«Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ: біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларына «әл-Фараби оқулары кәсіби педагогикалық көзқарасты дамытудың әдіснамалық негізі ретінде» төрт сағаттық курсты енгізу және педагогтердің кәсіби даму ресурсы ретінде әл-Фарабидің көп аспектілі мұрасын енгізу. «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ және «әл-Фараби» мектеп-лицейіне: Биылғы тамыз айынан бастап «екінші ұстаз» тұжырымдамасы мен еңбектерін аннотациялау және имидждеу арқылы «әл-Фараби: 1150 жыл өткен соң» интерактивті жобасын іске асыру.

Бақыт Сейтқалиқызы БУЛАТОВА,
“Өрлеу» БАҰО” АҚ филиалы “СҚО бойынша
ПҚ БАИ» курстан кейінгі қолдау және инновацияларды
енгізу зертханасының меңгерушісі, педагогикалық
ғылымдар магистрі, Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий