Ақмола облысы: “Қасиетті домбыра” сырттай байқауына 40 оқушы қатысты
Ақмола облысында домбыра күніне арналған облыстық «Қасиетті домбыра» сырттай байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: қазақтың өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу және қолдауға бағытталған болатын, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Байқауға Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Есіл, Ерейментау аудандарынан және Көкшетау қаласынан жалпы саны 40 оқушы қатысты. Әділқазылар алқасының құрамында Біржан сал атындағы музыкалық колледж директоры Мұхамедияр Саян Болатұлы, домбырашы Қойшыбаев Руслан Есентайұлы және Бабаев Саят Кушербайұлы енген болатын. Қатысушылар үш аталымнан «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік термеші» екі жас санат бойынша бақ сынады. Әділқазы алқасының шешімі бойынша «Үздік күйші» номинациясымен І жас санатында Есіл ауданының оқушысы Бақтыбек Ислам марапатталды.
«Үздік күйші» номинациясының ІІ жас санатында Абайділдә Осман, Ерейментау ауданы; «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясының ІІ жас санатында Қайсар Диас, Көкшетау қаласы. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша қосымша номинация иегерлері ретінде «Үміт» номинациясының Рябова Мирослава, Көкшетау қаласы; «Жігер» номинациясының Турсанхан Арсен, Зеренді ауданы; «Шабыт» номинациясының Мұхаметәлі Жұбаныш, Зеренді ауданы; «Өрлеу» номинациясының Хаблан Азамат, Зеренді ауданы; «Шабыт» номинациясының Серикбаев Мадияр, Ақкөл ауданы өкілдері үздік танылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлық, диплом және кубокпен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат сыйға тартылды.
Загрузка...