ТМД-ның үздік студенті 2020: Тамирис Қанатқызы еліміздің абыройын асқақтатты

«Дефектология» мамандығының, «Арнайы білім беру» кафедрасының, педагогика және психология институтының 3 курс студенті (эдвайзер: аға оқытушы Ж.Кошикова) Тамирис Қанатқызы ЕСЕНГЕЛДІ Қазақстан ғалымдары конгресінің қолдауымен «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «ТМД-ның үздік студенті – 2020» республикалық жобасына қатысты, – деп хабарлайды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) баспасөз қызметі.



Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми-зерттеу жұмысында, шығармашылықта, студенттік өзін-өзі басқаруда, спортта белсенді қатысқан студенттерді анықтау және ынталандыру және ғылым мен білімді дамыту үшін ортақ біріктіруші алаң құру. Барлық ТМД студенттерінің мықты ынтымақтастығын қалыптастыру.


Бұл жобаға Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және тағы да басқа мемлекеттердің ең үздік студенттері қатысты. Биылғы сәуір айында конференция түрінде Министрліктер үйінде, Нұр-Сұлтан қаласында жинақтың тұсаукесері және марапаттау рәсімі өтуі тиіс еді, бірақ қазіргі жағдайға байланысты оны алып тастады.


Байқау нәтижесі бойынша Есенгелді Тамирис (ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., аға оқытушы М.Құлжабаева) естелік медальмен, І дәрежелі дипломмен марапатталды және «Талантты жастар энциклопедиясы» Республикалық студенттік кітап топтамасының үздік студенттерінің екінші томдық жинағына енді, сонымен қатар оның өмірбаяны ISBN халықаралық стандартты нөмірін беру жинағында жарияланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий