Павлодар қаласы: Облыс орталығының келбетін жас суретшілер бейнеледі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар көркем сурет мектебі Қала күніне арналған «Менің сүйікті қалам–Павлодар» атты онлайн блиц-байқауын өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10 – 15 жас аралығындағы 30-дан астам балалары қатысты, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқушылар суреттерінде көшелер, үйлер, скверлер, ескерткіш орындар, қаланың көрікті жерлері, павлодарлықтарға қымбат және таныс адамдар бейнеленген. Қатысушылардың суреттері әдемі көрінді және әр түрлі техника мен стильде орындалған. Блиц-байқаудың барлық қатысушыларының ішінен «Батырмолдағы демалыс күндері» суреті үшін № 26 ЖОМ 5 сынып оқушысы Куциль Арина жүлделі бірінші орынды иеленді. – Мен өз қаламды, туған Павлодарды жақсы көремін. Отан сенің үйіңнің қанатынан, туған көшелеріңнен, жүрегіңнің сүйікті жерлерінен басталады. Суретті сауда орталығына арнадым, ол маған ашылған уақыттан бері ұнайды, – дейді байқаудың бұл жеңімпазы.

Жүлделі екінші орынға «Павлодардың орталық жағалауы. Сахна» суреті үшін М. Әуезов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Сарсембаева Аянат ие болды. Ол жақын арада біздің қалаға үш жүз жыл толатынын және менің ұрпағым, жалпы қаланың әрбір тұрғыны туған және өскен жерін білгені және бағалағаны өте маңызды екенін айрықша атап айтты. Үшінші тұғырға «Менің сүйікті қалам, бәрі жақсы болады!» суреті үшін № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Галипад Эвелина, «Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт» суреті үшін № 19 ЖОМ 5 сынып оқушысы Лиясова Амира көтерілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий