Атырауға 278 медицина маманы қажет
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, Атырауда ең өзекті проблеманың бірі – медицина кадрларының жетіспеушілігі, – деп хабарлайды республикалық “Egemen.kz” сайты.
– Атырау облысында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, анестезиолог-реанимотолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидемиолог сынды 278 маман жетіспейді” – деді облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы тікелей эфирде өткен брифингте. Аймақ басшысының айтуынша, қазір медицина саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр. Оның ішінде Ресейден білікті дәрігерлерді шақыру мәселесі де бар. Сонымен бірге, еліміздегі медициналық жоғары оқу орнын бітірген жас мамандарды тарту көзделіп отыр.
Загрузка...