Сақтық шаралары уақытылы жүзеге асырылып келеді

Қазақстант Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді жайлаған қауіпті індеттен туындаған жағдайға байланысты үндеу жариялады. Мемлекеттік комиссияның шешімімен шілде айының бесінен бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілуі қажетті шешім болғаны сөзсіз.

Мемлекет басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін жасалған шаралардың алғашқы нәтижелері бар екенін айтты. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауын, індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті. Қабылданған шаралар мен ақ халатты абзал жандардың ерлікке бергісіз еңбегінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді.

Дегенмен Мемлекет басшысы осынау алапат індеттің арамыздан талай асылдарымызды әкеткеніне күйзеліс білдірді. Сол үшін 13 шілдені – Қазақстанда індет құрбандарын Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл – оңды шешім, ежелден халқымыз бір-бірінің қайғысына ортақтасқан.  Үндеу соңында әрқайсысымызды әр азаматтың амандығы үшін күресуге шақырды! Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұжымы Президент Қ. Тоқаевтың үндеуіне қолдау білдіреді! Университетте сақтық шаралары уақытылы жүзеге асырылып келеді.

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, 
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік университетінің ректоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий