Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініштер қабылданып жатыр

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің ресми хабарлауынша 15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Тестілеу электронды форматта 1 – 15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі.

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 – 20 тамыз аралығында қабылданады. 3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Докторантураға түсу емтихандары 4 – 20 тамыз аралығында өткізіледі. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://pvo-zayav.testcenter.kz жоо қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий