Оқушылар жарамсыз материалдардан түрлі бұйымдар құрастырды
Павлодар қаласы балалар көркемөнер мектебі «Артлайф» жазғы жоба аясында қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында қашықтық «Туған жер» экологиялық байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қатысушылар әртүрлі жарамсыз заттардан орындалған өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын жіберді: картон қағаз қорабы, пластиклық құты, тығын, полиэтилен пакет, қағаз, фольга, мата қиқымы. Демалыста балалар өздігінен Қызыл кітапқа енген, Қазақстанда мекендейтін, жануарлар туралы мәліметті өздігінен оқып үйренді және Қазақстан табиғатының әлемімен әдемі композиция, құс, жануарлар үлгісін жасады. Әрбір жұмыстан өз ісіне сүйіспеншілігін, шығармашылық жолын, тапқырлығын көруге болады. Қаланың 17 жалпы білім беру мектептері және мектептен тыс мекемелерінен конкурста 69 қатысушы және Успенка ауданының 9 сынып оқушысы Карпеченко Мария қатысты.
Әділқазы «Птица Красавка» жұмысы үшін марапаттау орын берді. Жұмыс пакет, тіс тазалағыш, алюмин сым, медициналық мақта, мақта орамы, пластмасса құты, газет, пластикалық құты тығынынан жасалған. Бірінші орынды «Осел» жұмысы үшін № 18 ЖОМ 6 сынып оқушысы Чащин Михаил иеленді. Өзінің макеті үшін ол пластикалық құты тығынын пайдаланды. II орынға «Верблюд» жұмысы үшін № 1 ЖОМ 4 сынып оқушысы Жапакова Жадыра және «Еж» жұмысы үшін № 14 ЖОМ 5 сынып оқушысы Богомоловой Дарья иеленді. Өз жұмыстарында олар пластикалық құты, пакет, қытырма қағаз, қорап пайдаланды. Үшінші орын «Собака» жұмысы үшін «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Амангелді Алуаға, «Лягушка» жұмысы үшін Жетекші ЖОМ оқушысы Байсупинов Танатқа, «Олень» жұмысы үшін № 40 ЖОМ оқушысы Райхерт Миланаға берілді. Қолдан жасалған бұйымдар пластмасса ыдыстан, түйме, жасанды тон қиқымынан, мақта таяқшаларынан жасалды.
Загрузка...