Павлодардың болашақ сәнгерлері марапатталды

Павлодар қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «В зазеркалье онлайн-2020» жобасы аясында «Топ модель» қалалық қашықтық жазғы байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қаланың 33 жалпы білім беру мектептерінен 1 – 4 сыныптың жүзден аса оқушылары қатысты. Қатысушыларға сәнгер болуға талабы және өзінің тілегі, өзі туралы еркін түрде визитка дайындау ұсынылды. Электрондық түрде фотосурет ұсынылуымен қандай Fashion жобаларға қатысты. Конкурс қатысушысының мүмкіндігін толық бейнелейтін 10 фотосуреттен бейне түсірілім, портфолио дайындады. Үлгімен бейнероликті өз ауласында, ойын, спорттық алаңдарда, пәтерлерде, сауда орталығында көрсетті.

Барлық бейнероликтер шығармашылықпен, бірегей жолдармен жасалған, фотосурет дизайні ойластырылған,өзі туралы ұсыныстар дайындалған 47 ең жақсы жұмыстар жүлделі орындарға иеленді. Бірінші орын жүлдегерлері сегіз оқушы. Олар №2 мектептің 2 сынып оқушысы Жұмалин Рамина, К.Макпалеев атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Темиргалинова Малика, 1 сынып оқушысы Попова Милена, №14 ЖОМ 3 сынып оқушысы Зейнулла Дильназ , №29 ЖОМ 3 сынып оқушысы Алатырцева Алиса , №34 ЖОМ 4 сынып оқушысы Смагулова Риана , №37 ЖОМ 4 сынып оқушысы Орманбек Сабина , №39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Бахтыбай Адель иеленді.

Ең жас қатысушы К.Макпалеев атындағы мектеп оқушысы Попова Милена ол Kinder shocolate халықаралық фотоконкурста бірінші орын және Kinder shocolate фотокітап және ақысыз фотосессия сыйлыққа алды, «Еж» аяқ киім дүкені және балалар киімдері жарнама үшін сән үлгісі болды, 2020 жылы «В гостях у новогодней скзазки» фотостудия жарнамасына қатысты, сонымен ол конкурста бірінші орын алуға сенімді болды. Екінші дәрежелі дипломмен қаланың № 7, 9, 17, 19, 24, 32, 34, 39, 40, 43, № 16 лицей-мектебі, Б. Момышұлы мектептерінен он жеті қатысушы марапатталды. Үшінші дәрежелі дипломмен № 1, 6, 13, 19, 30, 35, 36, 39, 41, К. Макпалеев, К. Бекхожин, Кенжекөл, Жетекші мектептерінің жиырма екі қатысушысы үздік танылды.

– Бұл жоба оқушыларға сахнадағы сенімділік, «Rosmodel pvl» сән үлгісі мектебінде оқуын бастауға ынталандырады, қаланың «Orby», «Blakstar», «Bearrichi» фирмаларының тауарларына жарнама жасауға қатысуға мүмкіндік береді, – дейді орталық әдіскері Каирканова Назигүл Базаровна. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар табысталып, қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарын алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий