Бала тәрбиесі: Ананың құрсағында сусындап, отбасынан басталады
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын-туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, ру шежіресін, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады. Сонымен қорыта келгенде, қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады: Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам»тәрбиелеу; Отанды, халқын, жерін, елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу; «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп айта алатын адал, арлы азамат тәрбиелеу; «Жеті атасын білмеген жетесіз», кемі жеті атасына дейін білуге тәрбиелеу; Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.
Жаңа туған бала өзі өмірге келген күннен бастап таңның нұрымен оянады екен. Осы кезде кейбір жас келіндер баламен бірге оянудың орнына оның қақ маңдайын жәйлап сипаса қайтадан ұйықтап қалады деген достарының ақылын тыңдап, баланы қайтадан ұйықтатуға тырысады. Бұл баланың жүйкесіне кері әсерін тигізеді. Нәресте құрсаққа біткенге дейін, болашақ ұрпақты жоспарлаудағы аса маңызды тәрбие саласы, болашақ әке мен шешенің ата-ана мәртебесіне, сол мәртебеге сай жауапкершілігін атқаруға психологиялық дайындығы. Яғни ата-аналардың бір-біріне деген махаббаты, сүйіспеншілігі, бірін-бірі аялауы мұның барлығы тылсым күшке ие. Осындай түсіністік пен дайындықтан сәби барлық махаббат атаулыны сезіп, одан қуат алып жаралады және ана құрсағында адал нәрге сусындап дамиды. «Махаббатсыз туылған ұл ел басқармас», деп халық текке айтпаған.
Бала анасының жатырына бекінген күннен бастап анасының психологиялық қолдауымен дами бастайды. Ана құрсағындағы тоғыз ай тәрбие ана тілі сабағының кіріспесі болып табылады. Бұл кезеңде әр сағат, әр күн, әр айдың өз киесі бар. Егер біз бала тәрбиесіне жанымыз ашитын болса, аяғы ауыр жас анаға қоғам да, отбасы да жан-жақты қолдау көрсетуге міндетті. Балаға тектілік болашақ әке мен ананың кәмелетке толғанға дейінгі немесе жұбайлық өмірге дейінгі іс-әрекет, мінез-құлқымен беріледі. Яғни болашақ сәби сол іс-әрекеттерді қайталайды. Тектілік қасиет отау құрған екі жастың рухани және тән тазалығының қандай дәрежеде екендігіне байланысты. (Құрсақ тәрбиесі) Ағылшынның гинеколог-психологі Артур Гетчерт 9 айдағы ана құрсағындағы даму барысын былай зерттеген. Бірінші айда бала жатыр қабырғасына бекінді,пайда болды тіршілік үрдісі қалыптасуы жүреді.
Екінші ай бала іште ұйықтайды, оған тыныштық керек. Үшінші ай жатырдағы бала оянады, даму үшін көп нәрсе керек.Төртінші ай ол демалып ұйықтауы керек. Бесінші ай ол қайта ұйқыдан оянады. Алтыншы айда ол тағы да ұйықтауы керек. Гүл күзде, қыста ұйқыға кетеді. Сіз оның топырағына тыныштық беріңіз. Әрнемені бір құймаңыз. Көктем мен жазда олар өскісі келе бастайды, осы кезде барлық керегін тауып, мезгілінде беріңіз. Жетінші ай ояну кезі балаға көп нәрсе керек. Өмірге келіп қалса өмір сүріп кетуі де мүмкіне,бірақ шала. Сегізінші ай қайтадан ұйықтайды егер ол айдың бірінші, екінші аптасында өмірге келсе, бала болу болмауы екі талай. Үшінші, төртінші аптада келсе, бала болып кетеді. Әрине, қазір медицина дамыған, бірақ ана өзіне-өзі және шаранаға көмектесуі керек. Тоғызыншы ай бала өмірге келеді немесе бала іште мүмкіндігі шектеліп тоғыз ай жарымда тіпті он айда келуі мүмкін. Қазақ халқында мұндай жағдайдың барлығына өте ерте заманнан психологиялық тұрғыдан келген. Мысалы: ата-аналардың ұлы сезімдерімен жатырда бала пайда болды.
Бірінші айда жатыр қабырғасына бекіну, тіршілік үрдісі қалыптасуы жүреді. Бұл кезеңге анада алуан түрлі сезім туындайды,махаббат сезіммен жақсылық ойлау, «бала құрсақта – ой сан-сақта» болмауы керек. Екінші ай бала іште ұйықтайды, оған тыныштық керек. Біз ұрысамыз, керісеміз, жаман нәрсе ойлаймыз, ішімдік ішеміз, темекі тартамыз, яғни нәрестенің даму тыныштығын бұзамыз. Мұныңбәрін жас ана білуге тиісті мәселе, білмесе білдіруіміз керек. Үшінші ай жатырдағы бала оянады, даму үшін көп нәрсе сұрайды, түрлі дәруменді тамақ, жақсы музыка тыңдау, таза ауамен тыныстау. Төртінші ай ол демалу керек, ұйықтау керек. Біз керек емес жұмыстар жасаймыз, баланың ойын дамытпаймыз.Бесінші ай ол қайта ұйқыдан оянады ойнағысы келеді,ананың ойын сезінеді ал, сіз ойнамайсыз, онымен сөйлеспейсіз. Тағы да ескеру қажет жағдай?! Алтыншы айда ол тағы да ұйықтауы керек. Гүл күзде, қыста ұйқыға кетеді. Сіз оның топырағына тыныштық беріңіз. Әрнәрсені бір құймаңыз.
Көктем мен жазда олар өскісі келе бастайды, осы кезде барлық керегін тауып, мезгілінде беріңіз. Бұл айдағы бала ұйқыдан күнінен бұрын оянса қиын болады. Бір сөзбен қазақта ұйқыдағы адам өлген адаммен тең дейді ғой. Жетінші ай ояну кезі балаға көп нәрсе керек. Өмірге келіп қалса өмір сүріп кетуі де мүмкін,бірақ шала. Сегізінші ай қайтадан ұйықтайды егер ол айдың бірінші, екінші аптасында өмірге келсе, бала болу болмауы екі талай. Үшінші, төртінші аптада келсе, бала болып кетеді. Әрине, қазір медицина дамыған, бірақ ана өзіне-өзі және шаранаға көмектесуі керек. Құдайдың құдіретімен тоғыз ай тоғыз күн ішінде бала дүниеге келеді. Бірақ ананың дұрыс тамақтанбауы, өзіне де балаға да көмектеспеуінен он ай сүретін аналар да бар.
«Бұлтың бітті бойыма, адалдық кірді ойыма,
Торың бітті бойыма, билік кірді ойыма,
Ұзын бітті бойыма, зорлық кірді ойыма,
Көлденең бітті бойыма, кербездік кірді ойыма
Қарбалаң бітті бойыма, тоқтық кірді ойыма,
Қоңырың бітті бойыма, момындық кірді ойыма.» – деген толғауы дәлел болады. Анай ана әр ұлының мінез-құлқын алдын ала болжаған, кейін олардың қандай адамгершілік қасиеттерге ие болатындығына психологиялық сипаттама берген. Бала дүниеге келген соң сыртқы тұрпатына сай сынап айтқан сөздерді де ескеру қажет. «Қошқар болар қозының маңдай алды дөң келер» деген бабаларымыз – жас сәбилер болашағына болжам жасай білген психолог. Баланың жеке ерекшелігін ескере отыра арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізе білген. Баланың дене бітіміне, бойындағы ерекше көзге түсер белгісіне қарап, сынап, оның болашақта қандай адам, азамат болатындығына жан-жақты психологиялық сипаттама, оның тағдырына болжам берген. Мысалы: бір құлағы екіншісінен үлкен болса – күйші; саусағы ұзын болса – биші; желкесінің шұңқыры үлкен болса – жалқау; бармағы қайқы болса –шебер болар деген болжамдар айтқан.
Балаға сын айту – ежелден келе жатқан халық мектебінің дәстүрі. Кемеңгер ақын А.Құнанбаев, М.Әуезовті ең алғаш көргенде болашақта үлкен ғұлама адам болатынын кескін-келбетіне, түр-сипаты мен болмысына қарап, психологиялық сипаттама берген. Қазақ халқы мен жапонның сөздері ұқсас екен. Балаңды бес жасқа дейін ханыңдай көр – тыйма, бестен он бес жасқа дейін құлыңша жұмсап, қосшыңдай сана – қина, он бестен ары қарай құрбы досыңдай сырлас – сыйла деген қазақ халқының тәрбиелік дана сөзі. 0 – 7 жас аралығындағы баланы тыймай, мейрімділікпен тәрбиелеу қажет, себебі осы жас аралығында бала мейірімділікті күтеді, бала отбасында ата-анадан, балабақшада тәрбиешіден тек мейірім ғана күтеді. Осы мейірімділіктің орнына үнемі зекуді, оны алдауды, екі жақта өз сөзінде тұрмаса, үлкендердің көп келеңсіз қылығын көрсе, өзіне кішкентайынан көңіл аударылмаса, оның ойымен санаспаса баланың мүмкіндігі шектеліп өседі.
Балабақшаға бергенше ата-ана баланың 3-5 жас аралығы – білім алу жауапкершілігін сезінетін кезеңін білуі керек. Егер ата ана,3-5 жаста дейін баланың бір қабілетін байқамаса, аша алмаса, онда тәрбиеші ата-анаға көмектесуі керек. Егер отбасының тәрбиелік мүмкіндігі зор болса, онда ол баласының бір емес бірнеше қабілетін ашуға тәрбиешімен бірлесіп қызметтенеді. Кейбір баланың бірде-бір қабілеті ашылмастан, ал келесі бір баланың дарындылық қабілеті оянып мектепке келеді. Бастауыш сынып мұғалімі бұл қабілеттерді байқап, ары қарай дамытуы қажет. 7 – 14 жас аралығындағы бала барлық нәрсеге икемді, қабілетті, тыңдағыш, тіл алғыш кезеңі, егер біз оны дұрыс жұмсап, бақылай отырып тәрбиелей алмасақ, баланың бір нәрсе жасайын деген құлшынысы мен қабілеті өшеді. Бұл мектептегі үйірмелер, пәндік факультативтер. Ол үйірмелерді жалқау мұғалімдер ақша төлемейді немесе кабинет жоқ деп жүргізбейді. Дене тәрбиесі мұғалімдері 9-10 жас аралығында баланың бұлшық еттері дамитындығын басшылыққа алып, қозғалысы көп ойындарға тартуы қажет.
Осы кезде балаға берілген дұрыс жүктемеден кейін оқушы 10-11 сыныпта өздерін өздері жаттықтыра алатын, жаттығуларды дұрыс таңдай алатын жағдайға жетеді, яғни «Салауатты өмір салтына» лайықтап тәрбиелеу кезеңдері. 14 – 21 жас аралығындағы баланы жеке тұлға ретінде қатыгездікке бой алдырмай тәрбиелеу қажет. Себебі осы жас аралығында біз қаласақ та, қаламасақ та балаға ғарыштық тылсым күш (космостық) қатыгездік әсер етеді. Дұрыс тәлім-тәрбие берілмеген балаға, бала бос сөзге, қалжыңбастыққа үйір келеді. Мұндай бала қатыгездікті тез таңдайды. 0 – 20 жас аралығындағы мерзімде баланың ет-сүйек жүйесі, яғни дене бітімі қалыптасады, ал өзі 16-18 жас аралығындағы қыз балалардың өздерінің өсу үрдісі аяқталмағанына қарамастан, құрсағында бір тіршілік иесі өсіп жатса күйі не болмақ?! Тәніндегі 9 саңылауы толық қалыптасқан бала өмірге мүмкін келер, мүмкін келмес, бірақ анасының өзінің өмірге дайын еместігінен іштегі баланың мүмкіндігі шектелетіндігін жас жұбайлар жақсы білуге тиісті.
21 – 41 жас аралығы – балалық шақты аяқтап, білім шыңына жетіп, алған тәрбие мен білімімен ақыл-ойдың өсетін кезеңі. 28-35 жас аралығы – әйел адамдардың бойында үлкен өзгеріс жүріп жататын кез, бұл өтпелі кезең оның тегінде түрлі аталар, ғұламалар болғандығы. Бұрын кішігірім өлең жазып жүрсе енді толыққанды ақын болады. Олардың бойында биші, спортшы, суретші, әнші, ақын, емші, көріпкелдік қасиеттерді бұрын өздері оқушы болған кезде ешкім оятпаған. Бойындағы өзгерісті көтере алмай баланың алдында тұрғанын, өзіне сабырмен қарау керектігін ұмытып кететіндер бар. Ал ер адамдар 35-41 жас аралығында үлкен өзгерістерге ұшырайды. Өзін-өзі тануға ұмтылу керек. Ер адамдар әйелден кеш дамиды бірақ ол әйелдер ерлерден ақылды деген сөз емес. Оларда бойындағы осы құбылыстарды түсіне алмай, аласұрып, теріс әрекеттерге баратындары да кездеседі.
Жоғарыда аталған кезеңдерден сүрінбей өткен тұлға 41 жаста алған білім-ілім тәрбиелерін ұштап толыққанды ағалық өмірін бастайды. Осы 41 жаста мектеп директоры, әкім және басқада басшылық орындарға барса жұмысын жемісті жасай алады. Қазақ айтады жігіт қырыққа дейін артына қарап шабады, қырықтан кейін алдына қарап шабады деп бекер айтпаған. Білімі шамалы, тәрбиесіз,тәкаппарлар біреуді кінәлауға дайын тұрады. 60-100 жаста өмірден озса, 150 жылдан кейін дарындылықпен өте жаман қасиет те қайталанады. Мұны бәріміз де білеміз ал бізше бұл жақсы-жаман қасиет жеті атадан кейінгі қайталану. Адамның түп аталары, қазықтарының (физиологиялық, биологиялық, этнопедагогикалық, психологиялық үрдістерінің) мықтылығын көрсетеді.
Ұлттық мұраларды мектептерде тиімді пайдалану арқылы біз ұлтқа тән салт–сана, әдет–ғұрып дәстүрлерін құрметтеп, үлгі тұтып, өз халқының тілін, дінін қадірлей білетін және өз бойына ұлттық қасиеттерді сіңіріп, жинақтап өскен ұл мен қыз тәрбиелейміз. Сол арқылы жастар өз халқының дінін, салт-дәстүрін, қадір-қасиетін өз бойына сіңіріп, ең алдымен, өзінің кім екенін, шыққан тегін танып біліп, өзі де олардан үйренетін болады.
Агуза Далабаевна РАМАЗАНОВА,
Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы
“Өрлеу” АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы,
Білім беру үдерісін педагогикалық психологиялық
қолдау кафедрасы аға оқытушысы, тренер