Тапсырма орындалады – Аймағамбетов Президенттің жаңа пәнді енгізу міндеттемесі жайлы
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізу тапсырмасы міндетті түрде орындалатынын еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берген онлайн-брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды осы салалық министрліктің баспасөз қызметі.
– Президенттің тапсырмасы бар. Бұл тапсырма міндетті түрде орындалады. Әдістемелік көзқарас, жалпыға ортақ мемлекеттік стандарт, бұл міндетті дұрыс орындау, ғылыми амал-әдіс тұрғысынан әріптестеріміз тиісті шешімді әзірлеуде. Яғни оқу жоспары мен оқу бағдарламасының ғылыми негіздемесі болуы керек. Баланың ақпаратты қабылдау жасына байланысты талдау жасалады. Көптеген фактор зерттеледі. Осыған байланысты ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміз бұл мәселемен айналысуда, – деді Асхат Қанатұлы. Ал осы мән мектеп бағдарламасына биыл енгізіле ме? Бұл сұраққа жауап берген министр ең алдымен жүктелген міндет сапалы іске асырылуы керектігін айтты.
Загрузка...– Осынау өте дұрыс идеяны сапалы түрде жүзеге асыру керек. Бұл тұрғыда кез келген педагог тиісті кадр, бағдарлама, оқулықтар керектігін біледі. Сол үшін ең алдымен міндеттің дұрыс орындалатынына баса маңыз береміз, – деді ол. Еске сала кетсек Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізуді тапсырған болатын. – Бізге қазіргі уақытта қоғамдық көзқарас тұрғысынан маңызы артып келе жатқан экология проблемасымен айналысу керек. Жыл сайын 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық жиналып қалады. Олардың 15 пайызы ғана өңделуде. Бұл – жеткіліксіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.