Жарты ғасырлық мектепке жөндеу жасалуда
Алтынсарин ауданындағы Большечураков орта мектебінің құрылғанына биыл елу жыл. Ұйымшыл ұстаздар ұжымының абыройы асқақ әрі шәкірттері түрлі білім бәсекесінде топ жарып жүр. «Алтын белгі» аттестаты мен белгісіне ие болған биылғы жас түлек Галина Шалдина білім шаңырағының мәртебелі мақтанышы, – деп хабарлайды Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бірақ жарты ғасыр бұрын 1969 жылы салынған сәттен бастап мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жасалмаған. Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру шеңберінде 275,9 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Міне, енді «Торгстроймонтаж» ЖШС күрделі жөндеуді жүзеге асыруда, оның барысында 69 уақытша жұмыс орны ашылады.
– Күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін біздің мектеп білім беру үдерісінің мазмұнына, сонымен қатар оның қауіпсіздігіне қойылатын қазіргі заманғы барлық талаптарға сәйкес келеді. Біздің жағдайда тапсырыс беруші мен мердігер тек білім беру сапасына ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемесінде жайлы, қауіпсіз және жайлы атмосфераны құруға мүдделі. Бізді ортақ мақсат біріктіреді, – дейді мектеп директоры А. Лингер.
Мектептің екі жүз оқушысы мен барлық мұғалімдері жаңа өзгерістерді тағатсыздана күтуде. Монтаждау аяқталды, терезе блоктарын ауыстыру және электр сымдарын тарту жұмыстары жалғасуда. Қасбетті жылыту мен қаптау және шатырдың құрылысы қарқынды. Жаңа оқу жылының екінші тоқсанында жергілікті шәкірттер алтян ұяларына қайта оралуға асығатындарын айтады.
Загрузка...– Ескі ғимаратты жаңартылған әрі заманауи үлгіде көргім келеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында біз, мұғалімдер және біздің оқушыларымыз қауіпті дертті еңсеру арқылы жөнделген мектептің табалдырығын қайтадан аттайтындығымызға сенімдіміз. Естуімізше мектептің дәліздері жарық, сыныптары жылы және жайлы, асханасы кең болады. Біздің арманымыз – түрлі шараларды ұйвмдастыруға қолайлы әдемі мәжіліс залы. Алдағы жаңа оқу жылындағы білім үдерісі бұрынғыдан да нәтижелі болуы үшін педагог маман ретінде кәсіби үлесімді қосуға дайынмын, – дейді орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі О.Загородняя.