Қашықтан сабақ беретін мұғалімдерге арнайы курс ұйымдастырылады
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқитын оқушылар мен сабақ беретін мұғалімдер туралы айтты, – деп хабарлайды осы салалық министрліктің баспасөз қызметі.
– Қашықтан оқыту форматында педагогтарға қойылатын бірқатар талап бар. Біріншіден, ІТ технологиясы бойынша талап. Олар ІТ технологиясы, интернет платформасы, интернет жүйесімен жұмыс істей білуі керек. Біз дайындаған біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге осымен жұмыс істеуге үйретеміз, – деді Асхат Қанатұлы. Сондай-ақ министр қашықтан оқудың қыр-сырын меңгеру үшін мұғалімдер арнайы курс оқитынын мәлімдеді.
Загрузка...– Сыныпта сабақ беру мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы өте көп. Оқу әдістемесі тұрғысынан қарағанда бұл өте маңызды процесс, сол себепті алдымызда әріптестеріміздің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі тұр. 20 шілдеден бастап мұғалімдер еңбек демалысынан жұмысқа шыға бастайды. Сол кезде осы курстардан өтеді, – дейді ол.