Тәуелсіздік тұтқасы – білімді ұрпақ

Бүгінде еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіби деңгейге жеткізу – қоғамдағы жиі талқыланатын өткір мәселеге айналып отыр. Әсіресе, педагог қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын арттыру, елдегі білім беру саласын дамытуға қосар үлесі мол екендігі айқын, – деп хабарлайды Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

 

Мемлекеттің жан-жақты ілгері дамуында білім мен ғылымның маңызы зор. Бұл бағытта республикадағы мемлекеттік және қоғамдық, ғылыми мекемелермен еркін жұмыс жасап келе жатқан Ахмет Байтұрсынұлы Білім Академиясы бес басым бағыт (біліктілік арттыру курстары; тіл үйрету; гранттық жобаларға қатысу; латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін үйрету; қоғамдық, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру) бойынша үлкен үлес қосуда.

Басты міндет – педагог қызметкерлермен кез-келген қоғам мүшелерінің тұлғалық қасиеттерін, кәсіби дағдыларын арттыру, бүгінгі және болашақтағы талаптар мен сұраныстарға сай дамуына мүмкіндік беретін жан-жақты білім беру қызметтерін көрсету. Олар: орта білім саласына қатысты заманауи курстар базасын қалыптастыру, латын графикасын оқыту механизмін дамыту, қазақ тілін оқытуда заманауи технологияларды қолдану жолдарын ұсыну; педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін арттыру; ғылыми институттармен бірлесе теориялық және тәжірибелік жұмыстарды ұштастыру; халықаралық байланыстар орнату және тәжірибе алмасу.

Академия құрамында ғылым докторлары, зерттеушілер, әдіскерлер, тәжірбиелі педагогтар, білім беру саласының белсенді өкілдері жұмыс жасайды. Бұл орталық көрнекті ғалымдар мен тәжірбиелі әдіскер-тренерлерді, талапты да, ізденімпаз жас мамандарды тарту арқылы түрлі ауқымдағы жобаларға бастамашы болуда. Биылғы жылы «Birgemiz: Bilim» жобасын республикадағы Ақтөбе мен Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асыруды бастады. Жалпыұлттық жобаның мақсаты – ауылдық мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларына волонтерлер-оқытушылардың білім беру қызметтерін ұсынуға көмек көрсетудің бірнеше (құқықтық сауаттылық семинары; ҰБТ-ға дайындық курсы; ағылшын тілін үйрету курсы; компьютерлік сауаттылық; пәндік олимпиадаға дайындық курсы; ғылыми жобаға дайындық курсы) бағыттарын қамтиды.

Ұлттық біріңғай тестілеу курсына оңтүстік өлкеден жалпы саны екі жүз (Сайрам ауданы – 50 оқушы; Созақ ауданы – 50 оқушы; Мақтаарал ауданы – 50 оқушы; Келес ауданы – 50 оқушы) бітіруші түлек қатысып, дайындықтарын арттырды. Қатысушылардың дені аз қамтылған отбасы, көп балалы жанұя, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысынан айрылған ата-аналардың балалары. Google Classroom платформасын жетік пайдаланған жиырма бес ерікті маман нақтыланған он пән бойынша курсқа қатысушыларға арнайы бейне тапсырма беріп, орындалған нәтижесін тұрақты тексеріп отырған. Құқықтық сауаттылық семинарына аймақтан 300 оқушы қатысып, жиырма еріктінің қолдауы мен көмегіне сезіне алды.

«Birgemiz: Bilim» жобасына қатысқан оқушылар амбассадор Эмин Аскеровпен, “Ұлттық тестілеу орталығы” РМҚК директоры Смағұлов Дидар Нұркенұлымен, “Жетістік формуласы – 140” (2018, 2019 жылдары 140 балл жинаған түлектерімен), “Мамандыққа бағдар” BTS Education компаниясының директоры Саясат Нұрбекпен онлайн кездесіп, түрлі сауалдарына жауап алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий