Мұғалімдікті таңдаған түлектер көп

Биылғы мектеп бітірушілер арасында педагогика бағытын таңдағандар жылдағыдан артқан. Алдын ала сұратылған мәлімет бойынша 690 оқушы педагогика саласын таңдауға ниетті. Оның басым бөлігі ауыл балалары. Ұстаз болуға ниеттенген шәкірттердің дені ұлттық бірыңғай тест сынақтарында жоғары ұпай жинады, – деп хабарлайды Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Аймақта ең жоғары нәтиже 133 ұпайды иеленген түлегіміз де ұстаздық жолды таңдап отыр. Бұл білім саласы үшін ерекше жаңалықтың бірі деуге болады. Әрине, педагог болудың өз алдына жауапкершілігі бар. Жоғары біліммен қатар шығармашылықпен ұдайы айналысу қажет. Бұған қоса қазіргі уақытта педагогтың ақпараттық-технологиялық қабілеті де сыналады. Пандемия жағдайында мұны анық сезіндік. Бірақ ұстаздарымыз онлайн оқыту ісінде де тосын бағыттарға дайын екендіктерін дәлелдеді. Сондықтан қазіргі мектеп түлектері қалаған оқу орындарын таңдай отырып, жоғары дәрежелі ұстаз атанады деп сенемін. Мемлекет мұғалім мәртебесі жолында барлық деңгейдегі қолдау шараларын іске асыруда. Жас ұстаздардың ойын тыңдап, пікірлесуге әрбір идеяны және бастамаларды қолдауға әркез дайынбыз, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий