Тілді креативті түрде үйренудің тәсілі

Ақтоғай ауданының Приреченск орта мектебінде “LinguaJaz” тілдік онлайн-лагері жұмысын бастады. Тілдік онлайн ләгер қызықты әдістермен ерекшеленеді. Жұмыс кезінде тәлімгер – ұстаздар қазақ және ағылшын тілдерін үйрену үшін бірнеше әдіс ұсынады, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Edutainment әдісі – ойын-сауық арқылы оқыту. Балалар караокемен ән шырқап, тақпақ айтып, фильмді субтитрмен қарап тілді тезірек меңгереді. Sticker әдісі – шәкірт күнделікті қолданатын заттарына аудармасымен стикер жапсырады. Tik-tok марафоны – жастар арасындағы әйгілі трендты TikTok қосымшасы арқылы тілдік ортаға кіру. Тәлімгер-ұстаз оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздерді екі тілде видео ұсынады. Лагерь Instagram әлеуметтік желі арқылы жұмысын жасайды, сол жерде балалар өз өнерлерін көрсете алады. Тілді үйрену бізбен бірге қызық!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий