Шолпан Каринова: Бастауыштағы кезекші сыныптар ата-аналардың өтінімі бойынша құралады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жаңа оқу жылында кезекші сыныптардың қалай оқитынын түсіндірді, – деп хабарлайды осы салалық министрліктің баспасөз қызметі.


– Ата-аналардың қалауымен және мектептедегі жағдайды ескеріп, бастауыш, яғни 1-4 сыныптардың оқуына рұқсат беріледі. Әрине, кішкентай балалардың оқуға ынтасы әлі қалыптаспаған. Сондықтан, өтінім негізінде мектептерде кезекші сыныптар ашу жөнінде шешім қабылданды, – деді вице-министр «Атамекен» ҰКП өткізген онлайн жиналыста. Спикер ата-аналардың пікірін тыңдап шыққанын айтты. Олардың арасында санитарлық шараларды қатаң сақтап, оқу процесін мектепте жүргізуді қолдайтындар бар және баласын мектепке жіберуге түбегейлі қарсы адамдар да бар. Вице-министрдің айтуынша, кезекші сыныптарда оффлайн және онлайн форматта өтетін пәндер тізімі анықталады.

– Кезекші сыныптар қашан жұмыс істейді? Кей пәндерді – мектепте, кей пәндерді – онлайн оқытуға жібереміз. Мәселен, бастауыш сыныпта сауат ашу, жазу, математика, тіл пәндері офлайн форматта өтеді, – деді Шолпан Таңатқызы. Оның айтуынша, әкімдіктер сыныпты топқа бөліп оқытуды да ұсынып отыр. – Елімізде екі ауысымды, үш ауысымды мектептер бар екенін, онда бала саны көп екенін түсінеміз. Бір күні – бірінші топ, ертесіне – екінші топ оқиды. Ондай да тәжірибе әлемде бар. Бұл әдісті Сингапур ұсынып отыр. Кезекші сыныптар ата-аналардың өтінімі бойынша құралады, біз кезекші сыныпта бір ғана сыныптың балаларын оқытуды ұсынып отырмыз, – деді вице-министр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий