Асқар Жұмағалиев: Ұялы байланыс операторлары мұғалімдер мен оқушыларға арнайы тарифтік жоспар әзірлеуде

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды. Цифрландыру саласындағы ағымдағы ахуал туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев баяндады, – деп хабарлайды primeminister.kz ресми сайты. 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде елімізде 4 649 елді мекен интернетпен қамтылған, бұл халықтың 97% құрайды. Ағымдағы жылы 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерге талшықты-оптикалық желілер, мобильді және радиотехнологиялар арқылы интернетті жеткізу жобаларын аяқтау жоспарланған. Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде республика халқын интернетпен қамту деңгейі 99,3 пайызға жетеді.

Ұялы байланыс операторларымен мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталды. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім ресурстарына қолжетімділікті қарастырады, — деді ведомства басшысы.

Бұл жұмыстардың нәтижесі қашықтықтан оқытуға көшуге мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің шалғай елді мекендерінде электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жаңа техникалық мүмкіндіктер қашықтықтан әлеуметтік көмек алу кезінде де маңызды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий