Биыл эпидемиолог мамандарды даярлауға 360 орын бөлінді
“Коронавирус індетімен күреске қанша медицина мамандығының түлектері қатыса алады?” Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, – деп хабарлайды салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Баспасөз мәслихатында спикер медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларында одан әрі жұмыс істеу үшін даярлау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын хабарлады. – Медициналық ЖОО мен колледж түлектерінен биыл 88 анестезиолог, 208 түлек – эпидемиолог даярланып шығарылады. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен медициналық жоғары оқу орындарына анестезиолог, кардиолог мамандықтары бойынша студенттерді оқытуға 200 орын бөлінді. Санитар, эпидемиолог мамандарын дайындау үшін бакалавр мен магистратурада 360 орын бөлуді жоспарлап отырмыз, – деп сөзін түйіндеді Тимур Сұлтанғазиев.