Елімізде алты жасқа дейінгі 1200-ге жуық бала коронавирус жұқтырған
Елімізде алты жасқа дейінгі 1200-ге жуық бала коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Ведомства жетекшісінің айтуынша елімізде барлығы 10 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтар жұмыс істейді. Оның ішінде, 440 мыңнан аса балабақша бар. Сондай-ақ, Қазақстанда 3800-ге жуық жекеменшік балабақша жұмыс істейді, оларға 331 мыңнан аса бала барады.
Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Мұндай мекемелердің жұмысы Алматыдан басқа барлық өңірде тоқтатылды. Қала бойынша 745 балабақшаның 457-сі жұмыс істейді, оларда 17 мың бала барады, 1754 кезекші топ ұйымдастырылған. Кезекші топтардың қызметі Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, – дейді комитет төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.
Сондай-ақ, 0-6 жас аралығындағы балалар саны – 2,7 миллионнан аса. Оның ішінде, 771 мың бала мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға баратын болса, тағы 121 мың бала шағын орталықтарға барады. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ресми мәліметтері бойынша, мектепке дейінгі мекемелердің 19 қызметкері короновирус жұқтырған. Сонымен қатар, 0-6 жас аралығындағы 1193 бала COVID-19 жұқтырған екен.
Загрузка...